"Бала өмір сүруге жарамсыз жағдайда тұрып жатыр". Депутат Танашева Парламенттен неге кетті?

269
Adyrna.kz Telegram
Фото: parlament.kz
Фото: parlament.kz

Гаухар Танашева Парламенттен кетті. Оның отставкасын Орталық комиссия растаған, деп хабарлайды "Адырна"ұлттық порталы.

Депутат Танашеваның орнына Қазақстан халық партиясы атынан Парламентке Асылбек Нұралин депутат болды.

Экс-депутаттың Парламенттен кеткені туралы журналистердің сұрағына әріптестері Ирина Смирнова мен Магеррам Магеррамов жауап берген. Смирнова партия ішінде ротация жүргізіліп тұратынын, бұл қалыпты құбылыс екенін айтты.

Ол “Бұл ротация Танашеваның келісімімен жасалды ма” деген сұраққа ол “жоқ” деп жауап берді. Алайда Магеррамов Танашева өз келісімімен Парламенттен кеткенін айтады.

Былтыр 23 желтоқсанда партиялық бюро отырысы өткен болатын. Сол кезде ротация мәселесі қаралды. Депутат Танашеваның мандатын қайтарып алдық. Оның орнына партиялық тізім бойынша Асылбек Нұралин келді. Бұл қандай да бір жеке мәселелермен байланысты емес. Мемлекет басшысы 2025 жылды жұмысшы мамандықтардың жылы ретінде жариялады. Асылбек Жамашұлы – металлургтердің ірі кәсіподағының басшысы, - дейді Магеррамов.

Әлеуметтік желіде Танашеваның Парламентте мемлекеттік жүйелер туралы айтқан видеосы тарған.

Асылбек Нұралин 15 қаңтар күні депутат ретінде ант берді. Парламент мәжілісінің әлеуметтік-мәдени даму комитетінің төрағасы Асхат Аймағамбетов Асылбек Нұралин өзі жетекшілік ететін комитет құрамына енгізілетінін, жаңа депутаттың кәсіподақ саласында көп тәжірибесі барын айтты.

Пікірлер