«Маңғыстаумұнайгаз» компаниясына 31 млрд теңге айыппұл салынды. Бұл туралы бүгін Бас прокуратураның баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.
Маңғыстау облысының прокуратурасы компания қызметінде ағынды суды жер қойнауына жіберу, сондай-ақ тиісті шектеу орнатпай, бұрғылау қалдығын жинақтаумен байланысты өрескел заң бұзушылықтар анықтаған.
«Соттың 04.12.2024 жылғы қаулысымен компания Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 328-бабымен әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 31 млрд теңге көлемінде айыппұл салынды. Сот актісі заңды күшіне енді»,—делінген хабарламада.
Сондай-ақ мұнай жылыту пешінен қоршаған ортаға ластаушы заттардың шамадан тыс шығарылу фактісі де анықталып, 1,2 млрд теңге айыппұл салынды.
Еске салайық, өткен жылдың 2 желтоқсанында «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ бас директоры болып Вэнь Цзяцзюнь тағайындалған еді.