"Тарақандар толып жүр". Жолаушы пойыздағы жаға ұстатарлық жағдай туралы айтты

1368
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2024/01/03a04b23-1b13-42aa-ae2f-014c791a4145-960x500.jpeg?token=c7c67380d67bc84a55cd45e50b6d1007
Жолаушылар Маңғышлақ-Орал бағыты пойызындағы жағдайға шағым айтты, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы inaktau.kz-ке сілтеме жасап. 
Әлеуметтік желіде тараған ақпараттарға сәйкес, пойызда тазалық атымен мүлдем болмаған. Одан бөлек, жолаушылар үшін телефон қуаттауға арналған жерлер жоқ және тарақан өріп жүр. Жолаушы әйелдердің бірі Instagram-да назын жеткізген.
"Маңғышлақ-Орал бағытындағы вагондар сұмдық, қайтып бара жатқандары да солай. Балалар бөлек ұйықтауға қорықты. Тарақандар толып жүр, телефон қуаттайтын жер жоқ, дәретханалар сұмдық күйде. Адамдардың шағымын тыңдайтын кондукторларды аяймын. Қысқасы, сұмдық енді", - дейді ол.
Шағым айтқан әйел адам пойыз ыңғайсыз әрі жолаушылардың денсаулығына кесірін тигізуі мүмкін екенін атап өткен. Айта кетейік, көлік министрлігі Қазақстанда 2024 жылғы 1 қазаннан бастап пойыз билеттері 20% қымбаттағанын хабарлаған.
Комментарии