Канада премьері өз еркімен қызметтен кетіп жатыр

1337
Adyrna.kz Telegram

6 қаңтарда Канада премьер-министрі Джастин Трюдо басқарушы либералды партияның жетекшісі қызметінен кететінін мәлімдеді. Ол өзін алмастыратын кандидатура анықталғанға дейін премьер-министр лауазымын атқарады, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Трюдо өз үндеуінде «күрескер» болып қала беретінін айтты. Сондай-ақ бұндай шешім қабылдауына Үкіметтегі дағдарыс себеп болғанын мәлімдеді.

«Мен партияны жеңіске жетелейтін таңдау емеспін. Оны анық сезіндім. Алдағы айларда елді жаңа сайлау күтіп тұр. Мен өз кандидатурамды ұсынбаймын. Халық келесі референдумда шынайы таңдау жасауға құқылы»,—деді ол.

Сарапшылардың пікірінше, Трюдоның қызметінен кетуі Канаданың консервативті партиясын жетекші орынға қайта шығаруы мүмкін.

Канададағы үкіметтік дағдарыс өткен жылдың соңында басталды. 16 желтоқсанда Канаданың қаржы министрі Христиа Фриланд отставкаға кетті.

Айта кетейік, Трюдо премьер-министр лауазымына 2015 жылы тағайындалған болатын.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Танец на выпускном взорвал сеть: смотреть без детей
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Танец выпускников взорвал интернет: Смотреть до конца!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Диалог бабушки и внучки! Такое видео вызывает смех сквозь слезы…
Пікірлер