Оңтүстік Корея президентінің күзет қызметіне оны тұтқындау әрекеті кезінде оқ атуға рұқсат берілген

408
Adyrna.kz Telegram
Фото: bloomberg.com
Фото: bloomberg.com

2025 жылы 3 қаңтарда Оңтүстік Корея президенті Юн Сок Ёльді резиденциясында тұтқындау әрекеті кезінде оның қауіпсіздік қызметінің бастығы Пак Чон Джун қажет болған жағдайда тергеушілерге қарсы жеке атыс қаруын қолдануға бұйрық берген, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы ТАСС агенттігіне сілтеме жасап. 

Бұл туралы парламентте көпшілікке ие «Тобуро» Демократиялық партиясының өкілдері мәлімдеген.

Айта кетейік, оппозициялық партия бұған дейін «Юн Сок Ёль бүлігі жағдайын зерттеу комитетін» құрған болатын. Комитет мүшелері 3 қаңтарда Антикоррупциялық тергеу басқармасы президентті тұтқындау әрекетін тоқтатқанын, себебі қауіпсіздік қызметі қызметкерлерінің қаруланғанын мәлімдеді.

«Сол күні президенттің қауіпсіздік қызметінің бастығы Пак Чон Джун, егер күзетшілер қақтығыста жеңіліске ұшыраса, алдымен холостық оқпен атуды, ол нәтиже бермесе, оқ-дәрі қолдануды бұйырған. Мұндай қатаң қарсылықты Юн Сок Ёль мен бұрынғы қорғаныс министрі Ким Ён Хёнды соқыр сеніммен қолдайтын лоялистер тобы басқарып отыр», – деп мәлімдеді «Тобуро» партиясының өкілдері.

Пікірлер