Қазақ өлеңінің "Көктемі"

381
Adyrna.kz Telegram

Бүгін – Қазақстанның халық жазушысы, ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері, ақын Қадыр Мырзалиевтің дүниеге келген күні.

“Қазақ жырының Қадыры” атанған ақын Қадыр Мырзалиев 1935 жылы 5 қаңтарда Батыс Қазақстан облысының Жымпиты ауылында дүниеге келген. Ақынның туғанына биыл 90 жыл толып отыр.

Қадыр Мырзалиевтің алғаш рет өлең жазуды алтыншы сыныпта оқығанында, 11 жасында бастаған. Әкесі қайтыс болғаннан кейін бала Қадыр интернатқа жіберіліп, онда ол достары туралы, олардың кемшіліктері туралы жаза бастайды. 1954 жылы жас ақын өлеңдерін республикалық «Пионер» журналында жариялап, біртіндеп таныла бастаған.

ҚазҰУ-дің филология факултетін бітірген. 1958-1993 жылдары “Балдырған” журналында әдеби қызметкер, “Жұлдыз” журналында поэзия және сын бөлімінің меңгерушісі, жауапты хатшы, бас редактордың орынбасары қызметтерін атқарған.

Сонымен қатар, “Жазушы” баспасында поэзия редакиясының меңгерушісі, Жазушылар одағы поэзия секциясының меңгерушісі, “Балауса” баспасының редакторы болып жұмыс істеген.

Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесіне екі рет депутат болып сайланған.

1959 жылы тұңғыш жинағы "Көктем" жарық көрген. Ақын қаламынан халық фольклорының атақты күлдіргі кейіпкері Алдар көсе жайлы «Сақал саудасы», «Қасқыр қақпан» атты өткір сатиралы комедия мен Махамбеттің ең соңғы азапты күндеріне арналған «Жаралы жолбарыс» атты және «Әмір Темір» кесек драмалық шығармалары да жарық көрген. «Қызыл кітап», «Күміс қоңырау», «Дала дидары», «Ой орманы», т.б. жыр жинақтары бар.

Қадыр Мырзалиев көркем аударма саласында да жемісті еңбектері көп. Әлемдік әдебиет ғүламаларының талайының шығармаларын қазақ тіліне аударған.

 

 

Пікірлер