Шығыс Қазақстанда қар көшкіні жүрді

1371
Adyrna.kz Telegram
Фото: egemen.kz
Фото: egemen.kz

Шығыс Қазақстан облысындағы тасжолда қар көшкіні жүрді. Бұл туралы ШҚО төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметі жариялады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Мәліметке сүйенсек, көшкін бүгін Алтай ауданында жүрген.

“Республикалық маңызы бар «Өскемен — Алтай — Үлкен Нарын — Қатонқарағай — Рахман қайнарлары» тасжолының 62-ші шақырымда өздігінен қар көшкіні жүрді. Бұл жол учаскесі қауіпсіздік мақсатында алдын ала жабылған. Түскен қардың жалпы көлемі — 1300 текше метр”, — делінген ақпаратта.

Көшкіннің жүруіне қардың қалың жауып, желдің күшеюі себер болып отыр. Абырой болғанда, зардап шеккен ешкім жоқ.

“Қар жолды толықтай жауып қалды. «КАЖсервис» ЖШС-ның 4 техникасы жолды тазартуға жұмылдырылды”, — делінген хабарламада.

Құтқарушылар қар көшкіні қаупі әлі де сақталғандықтан өңір жұртшылығына таулы жерлерге барудың қауіпті екендігін ескертті.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Морщины "стираются" как ластиком! Намажьте кожу лица обычным...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Кардиолог шокировал мировую медицину: сосуды чистит простой...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Мы с мужем обрели вторую молодость! Вот как ему вернули потенцию…
Пікірлер