Оңтүстік Кореяда апатқа ұшыраған ұшақтың борттық жазғыштарынан деректер алынды

2031
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2024/12/pyh2024122903470001300_p4-960x500.jpg?token=066bc5bcf75e9c08a1ca684bb1b5dd0e
Оңтүстік Кореяда 29 желтоқсанда Муана әуежайында апатқа ұшыраған Jeju Air әуе компаниясының ұшағының ұшқыштар кабинасында орнатылған екі борттық жазғыштың бірінен деректер алынды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы The Hankyoreh-ке сілтеме жасап. "Ұшқыштар кабинасындағы сөйлесулерді тіркейтін жазғыштан деректерді алу аяқталды. Бүгін оларды дыбыстық файлдарға түрлендіру жұмыстары басталды", – деді Оңтүстік Корея көлік министрлігінің азаматтық авиация департаментінің директоры Чжу Чжон Ван. Сөйлесулерде құстың соқтығысуынан қозғалтқыштың зақымдалуы, рульді реттеудің мүмкін болмауы, сондай-ақ қону қондырғысының істен шығуына байланысты апатқа ұшырау туралы ақпарат болуы мүмкін деп болжануда. Сарапшылар екінші жазғыштың зақымдануы жазылған деректердің сақталуына әсер етпегенін анықтады. Ел билігі апаттың негізгі себебін анықтауда маңызды рөл атқаратын "қара жәшікті" талдауды жеделдететінін атап өтті. Естеріңізге сала кетейік, Jeju Air әуе компаниясының Boeing 737-800 ұшағы 29 желтоқсанда Оңтүстік Кореяның Муана әуежайына қонған кезде апатқа ұшырады. Апат жергілікті уақыт бойынша таңғы 9:07-де орын алды. Ұшақ ұшу-қону жолағынан өтіп, қоршауға соғылып, өртенген. Ұшақта 181 адам болған. Олардың екеуі ғана аман қалған. Орташа және ауыр жарақаттары бар болғандықтан, олар ауруханаларға жеткізілді.
Комментарии