Трамп Ресей түкпіріне АҚШ зымырандарымен соққы жасауға қарсы екенін айтты

430
Adyrna.kz Telegram

АҚШ президенті Дональд Трамп Украинаның Ресей аумағы түкпіріне АҚШ зымырандарымен соққы жасауына қарсы екенін айттыБұл туралы ол 12 желтоқсан, бейсенбіде жарияланған Time журналына басылымның нұсқасы бойынша «жыл адамы» деп танылуына байланысты берген сұхбатында мәлімдеді, жеп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

«Мен Ресейге жүздеген миль тереңдікке зымырандар ұшыруға үзілді-кесілді қарсы екенімді айтамын. Неге біз бұны жасап жатырмыз? Біз тек бұл соғысты қоздырып, жағдайды ауырлатамыз», – деп келтіреді басылым Трамптың сөздерін.

“Украинаға қолдау көрсетуді тоқтата ма” деген сұраққа сайланған президент АҚШ көмегін Ресеймен атысты тоқтату туралы келіссөздерде қысым жасау құралы ретінде пайдаланатынын айтты.

«Мен келісімге қол жеткізгім келеді, ал мұның жалғыз жолы – Київті қолдаудан бас тартпау», – деді ол.

Сайлауалды науқаны кезінде Трамп Ресей мен Украина арасындағы соғысты «24 сағатта аяқтауға» уәде берген еді. Алайда журналистермен әңгімесінде саясаткер бейбітшілік орнату оңай болмайтынын мойындады.

«Таяу Шығыстағы мәселелерді шешу әлдеқайда оңай, ал Ресей мен Украина арасындағы жағдай әлдеқайда күрделі. Жастардың мәйіттерінің далаларға шашылып жатқанын көру таңғалдырады. Бұл – ақылға сыймайтын нәрсе», – деп атап өтті Трамп.

Қараша айының ортасында АҚШ билігі Украинаға ATACMS баллистикалық зымырандарын Ресей аумағына соққы жасауға рұқсат бергені белгілі болды. 11 желтоқсанда Ресей Қорғаныс министрлігі Таганрогтағы әскери аэродромға ATACMS зымырандарымен соққы жасалғанын мойындады.

Пікірлер