"Астана" - "МЮ" матчының билеттері қанша тұрады?

247
«Астана» жанкүйерлері үшін арнайы ұсыныс жасады. "Астана" ФК ресми сайтында "Құрметті достар, 12 қыркүйек күні сағат 11:00-де «Астана» футбол клубының Еуропа Лигасы аясындағы «Партизан», «АЗ Алкмар» және «Манчестер Юнайтедқа» қарсы ойындарына арналған абонементтер сатылымға шығатынын хабарлаймыз" деп жазылған.

Сіздерде осы абонементті сатып алған жағдайда «Манчестер Юнайтедке» қарсы кездесудің қараша айында ғана сатылымға шығатын билетіне, алдын ала ие болатын мүмкіндік бар.

Абонементтер «Астана» футбол клубының ресми сайтында (fcastana.kz) сатылымға шығады.
Еуропа Лигасы ойындарының кестесі:

«Астана» - «Партизан» 03.10.2019
«Астана» - «АЗ Алкмар» 07.11.2019
«Астана» - «Манчестер Юнайтед» 28.11.2019

Абонементтердің бағасы 13 000 мен 65 000 теңге аралығында.
Барлық бағалар құны төмендегідей:

1 санаттағы абонемент құны-65 000 (алпыс бес мың) теңге;
2 санаттағы абонемент құны-50 000 (елу мың) теңге;
3 санаттағы абонемент құны-30 000 (отыз мың) теңге;
4-санаттағы абонемент құны-20 000 (жиырма мың) теңге;
5-санаттағы абонемент құны-13 000 (он үш мың) теңге.

Сатылымға тек билеттердің 3/1 бөлігі ғана түседі. Ал қалған бөлігі ойын алдында ғана сатылымға шығады.

"Астана" - "МЮ" матчының билеттері
1-ші санатты билет – 55 000 (елу бес мың) тенге;
2-ші санатты билет – 40 000 (қырық мың) тенге;
3-ші санатты билет – 25 000 (жиырма бес мың) тенге;
4-ші санатты билет – 16 000 (он алты мың) тенге;
5-ші санатты билет – 11 000 (он бір) тенге;
6-шы санатты билет – 4 000 (төрт мың) тенге;
 АЗ мен Партизанмен болатын ойындардағы билет бағасы
1-ші санатты билет – 12 000 (он екі мың) тенге;
2-ші санатты билет – 7 000 (жеті мың) тенге;
3-ші санатты билет – 4 000 (төрт мың) тенге;
4-ші санатты билет – 3 000 (үш мың) тенге;
5-ші санатты билет – 2 000 (екі мың) тенге;
6-шы санатты билет – 1 500 (бір жарым мың) тенге;
"Адырна" ұлттық порталы
Пікірлер