Атырау мұнай өңдеу зауытында авиакеросин мен сұйытылған мұнай газының өндірісі артты

805
Adyrna.kz Telegram

Атырау мұнай өңдеу зауыты (АМӨЗ) 2024 жылғы өндірістік, қаржылық және экологиялық қызметін қорытындылайды. Кәсіпорын тиімділік пен тұрақтылықтың жоғары деңгейін көрсетуді жалғастырып келеді, деп хабарлайды зауыттың баспасөз қызметі.

2023 жылмен салыстырғанда зауыт өндіретін екі өнім көлемінде айтарлықтай өсім бар. Айталық, сұйытылған мұнай газы өндірісінің көлемі 2023 жылмен салыстырғанда 6322 тоннаға артып, қараша айында 23 080 тоннаға жетсе, авиакеросин өндіріс 57 пайызға өсіп, 23 848 тоннаны құрады. Ал мұнай өңдеудің биылғы 10 айдағы көлемі 4 583 407 тонна шикізатты құрап, өткен жылғы сәйкес кезеңнен 57 336 тоннаға артық болды. 

Бұл ретте 2024 жылдың тамыз – қараша айларында отын шығынының нақты көрсеткіштері 8,45 – 9,80 пайызды құрады, бұл нормативтік деңгейден едәуір (12,47-14,5%) және 2023 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 1-4%-ға төмен.

"АМӨЗ операциялық шығындарды оңтайландыруды жалғастыруда. 2024 жылғы 10 айда шығындар 22%-ға төмендеп, жоспарланған 150,6 млрд теңгенің орнына 117,4 млрд теңгені құрады. Жөндеуге, материалдарға және экологиялық шығындарға үнемдеу сәйкесінше 59%, 20% және 75%-ға тең болды. Мұнай өңдеуге жұмсалатын үлестік шығындар бір тоннаға 54 887 теңгеге дейін төмендеді (болжамнан 11 125 теңгеге төмен)", – делінген компанияның баспасөз қызметінің хабарламасында. 

Атырау мұнай өңдеу зауыты экологиялық көрсеткіштерін жақсарту бойынша жұмыстарды да жалғастырып жатыр. Оның көрсеткіштері төмендегідей:

  • Ластаушы заттардың шығарындылары 11,9%-ға (1053 тоннаға) азайды.
  • Ағынды сулардың төгінділері 68 тоннаға азайтылды, бұл қондырғыларды қайта құрудың нәтижесі болды.
  • Тазарту құрылыстарын жаңғыртудың арқасында қалдықтар көлемі 39%-ға қысқарды.
  • Парниктік газдар шығарындылары 20 509 тоннаға (1,5%) азайды.

Қазіргі таңда Атырау мұнай өңдеу зауытында 2525 адам жұмыс істейді. Олардың 43 пайызы – 35 жасқа дейінгі жастар. Еңбек жағдайларын жақсарту шараларының арқасында 2024 жылы кадрлардың тұрақсыздығы 2,31%-ға дейін төмендеген

"Жоспарлы-алдын алу жөндеу аясында 2024 жылы 15 технологиялық қондырғы сәтті жаңартылды. Жөндеу жұмыстары кестеден бұрын аяқталды, бұл жоғары октанды бензиндер өндірісін тезірек қалпына келтіруге мүмкіндік берді. PEP Solomon бағдарламасы аясында операциялық тиімділікті арттыруға бағытталған 24 ұсыныс іске асырылды. Жаңа тәсілдерді енгізудің экономикалық әсері жылына 1,5 млрд теңгеден астамды құрады. Атырау мұнай өңідеу зауытының озық технологияларды енгізуі, қоршаған ортаға әсерді азайтуы және тұрақты өндірісті қамтамасыз етуі оның саладағы жетекші кәсіпорындардың бірі екенін растайды", – делінген баспасөз хабарламасында.

Пікірлер