Ресейдегі тәуелсіз сарапшылар Путиннің Астанаға сапары және Қазақстан мұнайын Ресейсіз экспорттау жолдары жайында талқылайды.
Астанада ҰҚШҰ-ның кезекті саммиті де өтті. Іс-шарадан бір күн бұрын Қазақстан Ресей президенті Владимир Путинді салтанатты түрде күтіп алды.
Қазақстанның әуе күштері әскери аэродром үстінде Ресейдің туы түстерінде аспанға ұшақтармен сурет салды. Астананың көшелерінде «Аса мәртебелі Владимир Путин, Астанаға қош келдіңіз!» деп жазылған билбордтар ілінді.
Осы сапар сипаты туралы Ресейдегі тәуелсіз сарапшылар «Америка даусы» радиосына берген комментариилерінде ой бөліскен.
САПАРДАН БҰРЫН
Алайда, салтанатты шараның ресми сәні екі оқиғамен сәл бұзылды. Астана қаласында, «Астана Опера» театрының жанында орнатылған LED экранда күтпеген жерден Ресей туының орнына Украинаның туы пайда болды. Ал Көкшетауда үш белсенді Путиннің келуіне қуаныш білдірмегені үшін ұсақ бұзақылық жасады деп айыпталды. Олар Қазақстан мен Украина туын ұстап, «Аса мәртебелі, Қазақстаннан кетіңіз!» деген жазуы бар плакатпеншықты. Бұған қатысты Қазақстанның құқық қорғау органдары тергеу бастады.
Сондай-ақ, Путиннің келуіне алдын ала дайындық барысында Астана Ресей территориясы арқылы мұнай экспорты көлемін 80 пайызға қысқартатынын жариялады. Ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев әскери және азаматтық инфрақұрылымның маңызды нысандарын қорғауды күшейтуді тапсырды. Тоқаевтың бұл тапсырмасы көптеген сарапшылар тарапынан Кремльдің милитаристік риторикасына және Украинаға жасалған «Орешник» зымырандық кешенімен соққы беруіне реакция ретінде түсіндірілуде.
Екі лидердің жариялаған бірлескен мәлімдемесі негізінен декларациялық сипатқа ие болып, көбінесе экономикалық мәселелерді қамтиды.
«ӘЙТЕУІР ТЕК ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ»
Саясаттанушы Аркадий Дубнов Путиннің Қазақстанға жасаған сапарының триумфальды болмағанын атап өтті. Оның пікірінше, Астанадағы ҰҚШҰ саммиті «әскери-саяси блоктың өмір сүруін» дәлелдей алмады.
Дубновтың айтуынша Астанада Ресей президентін қабылдаудағы салтанат Путин мен Тоқаев арасындағы келіссөздер нәтижесінің төмендігін жасыру мақсатында болды. Оның сөзінше, бұл туралы Мәскеу мен Астана арасындағы шешімі айтылмақ түгілі, аталмаған өткір мәселелерге назар аудара отырып айтуға болады.
- Бұл құжатта Ресей-Украина әскери қақтығысы туралы бір де бір сөз жоқ. Әйтеуір, тек төртінші тармақта “халықаралық қатынастар архитектурасын жаңа шындықтарға бейімдеу және Еуразия құрлығында тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін маңызды компонент ретінде, әлемдік және аймақтық күштердің тәуелсіз орталықтарының санының артуы, жаһандық геосаяси турбуленттіліктің өсуі жағдайындағы екіжақты ынтымақтастық туралы» айтылады, - деп түсіндірді саясаттанушы.
Дубновтың пікірінше, Путинге Тоқаевтан Украинадағы Ресейдің арнайы әскери операциясына келісім алу мүмкін болмады.
«ТОҚАЕВТЫҢ ҰСТАНЫМЫ – ЕРЕКШЕЛІК ЕМЕС, ЕРЕЖЕ»
Тарту университетінің Шығыс зерттеу орталығының маманы Борис Долгин Астанадағы Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы кеңесінің отырысына орай Путиннің Қазақстанға жасаған сапары дәстүрлі түрде өзара құрмет көрсету және екі тарап үшін айқын өзекті мәселелерді мейлінше аз айтуға бейімделген түрдеөтті деп есептейді. Оның айтуынша, мұның сарыны екі ел арасында жасалған өзара келісімдерден де байқалып отыр.
- Қазақстан басшылығы өзге серіктестерініңнаразылық туғызатын мәселелерге, айталық, Ресейге қолдау көрсетуден бұрынғыша сақтанады.Бірақ Кремльдің ашуын туғызбауға тырысады. Бір-біріне достық пен серіктестікке деген кепілдіктер ұсыну, бұл хабарламалардың эксклюзивті еместігіне кедергі келтірмейді. Ал Ресейдің қатысуымен атом энергетикасын дамытуға деген дайындық, басқа елдердің құрылымдарының осы жобаға қосылатынына да қатысты жайлар назар аудартады. Мысалы, Қазақстанның энергетика саласына Қытайдың қатысуы назар аудартады, - дейді сарапшы.
- Ресейлік көмірсутектерді Қазақстан аумағы арқылы Өзбекстанға немесе Қытайға тасымалдауды кеңейту Астананың Ресей аумағын айналып өтіп, өз көмірсутектерін тасымалдауды ұлғайту ниетіне қайшы келмейді, - деп жалғастырады Долгин.
- Бұл жағдай Қытайды Еуропамен байланыстыратын Орта дәліздің дамуына қатысты келіссөздерге де қатысты болып отыр. Ал Ресей билігін ашуландырмауға деген ұмтылысты орыс тілін қолдау бойынша жария бастамалармен түсіндіруге болады. Бұл өз кезегінде елдегі қазақ тілін қолдауға немесе ағылшын тілін кеңінен қолдануға деген әрекеттерге ешқандай қайшы келмейді, – деп нақтылады ол.
- «Үлкен көршімен» қарым-қатынастышиеленістірмеу үшін Ресеймен мұндай «одақтастық» құру тек Қазақстанға ғана тән емес, - деген сарапшы Арменияны да айтып өтті.
- Тоқаевтың ұстанымы – ерекшелік емес, ереже. Сондықтан, өз қауіпсіздігінің баламалы кепілдіктерін іздеуге мәжбүр болған Армения да ҰҚШҰ мен Ресейден біртіндеп алыстап кетуге тырысса, онда неғұрлым ыңғайлы жағдайда тұрған Қазақстанға тәуелсіз саясат жүргізу оңайырақ.Бірақ тым шұғыл қадамдардан аулақ болу керек, -деп түйіндеді ол.
«МӘСКЕУГЕ ТЕК БАРМАҒЫН ТІСТЕУ ҒАНА ҚАЛДЫ»
БАҚ болжамы бойынша, Ресейді айналып өтетін жаңа маршрут бойынша Қазақстан мұнайын тасымалдау көлемі жылына 20 млн тоннаға дейін ұлғаюы мүмкін (қазіргі уақытта – 1,5 млн тонна).
Мұнай-газ сарапшысы Михаил Крутихин Қазақстан мұнайын Ресейден айналып өтетін жолмен тасымалдау туралы шешімді қабылдауға бірнеше факторлар әсер етеді деп есептейді.
- Біріншіден, Қазақстан бірнеше жылдан кейін мұнай өндіруді түбегейлі арттырмақшы және оның жаңа қорларды игеру жоспары бар. Оның үстіне бұл жоспарлар ОПЕК+ еліне бөлінген квоталармен сәйкес келмейді. Дегенмен, Астана бұл квоталарды бұзып келеді және осылай жалғастырмақ, - деп түсіндірді ол.
Крутихиннің пікірінше, мұнайды Ресей арқылы тасымалдау Қазақстан үшін бірқатарпроблемалардың бар екенін көрсетеді.
- Атап айтқанда, Атырау-Самара құбырына қатысты қауіп сейіЛмеді. Соңғы уақытта Самарадан Германияға аз ғана көлемде қазақстандық мұнай жіберілді. Бірақ одан да үлкен қиындықтар «Каспий құбыр консорциумының» Новороссийскідегі құбырымен байланысты. Онда кем дегенде төрт рет терминалдағы жұмыс тоқтатылды. Ресей түрлі техникалық ақауларды себеп етіп көрсетті. Ал Қазақстан үлкен шығынға ұшырады. Сол кезде Ресей көрші әрі достық елге әдейі қиындықтар туындатып жатыр деген пікір қалыптасты. Сондықтан Астана шұғыл түрде балама жолдарды іздей бастады, - деді сарапшы.
Оның айтуынша, Ресей өзін транзит жағынан сенімсіз ел ретінде көрсетіп қойды.
- Осылайша, Мәскеу тағы да өзін-өзі жазалады. Бұған дейін оған екі құбыр арқылы тасымал үшін тұрақты түрде төленіп тұрды. Ал Астананың экспорттық талаптары артқанын ескерсек, мемлекеттік қазынаға төлемдер көлемі әлдеқайда ұлғаюы мүмкін еді. Енді Мәскеуге тек бармағынтістеу ғана қалды, – деп қорытындылады Михаил Крутихин.