Джо Байден өз ұлына өзі рақымшылық жасады

591
Adyrna.kz Telegram
Сурет: Nick Wass
Сурет: Nick Wass

АҚШ президенті Джо Байден екі қылмыстық іс бойынша кінәлі деп танылып, үкімін күтіп отырған ұлы Хантер Байденге рақымшылық жасады, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі BBC арнасына сілтеме жасап.

«Қызметімнің бірінші күнінен-ақ әділет министрлігінің шешімдеріне араласпайтынымды айтқан едім.  Ұлымның әділетсіз қудаланып жатқанын көрсем де, мен өз сөзімде тұрдым», — деді ол.

Маусымда алқабилер 54 жастағы Хантер Байденді 2018 жылы қару сатып алу кезінде өзінің есірткіге тәуелді екенін жасырып, жалған мәлімет бергені үшін кінәлі деп таныған еді. Бұл АҚШ тарихындағы президенттің баласы қылмыс жасағаны үшін сотталған алғашқы жағдай болды.

Қыркүйекте Хантер Байден салық төлеуден жалтарғанын мойындады. Оған 2016–2019 жылдар аралығындағы 1,4 миллион доллар көлеміндегі салықты төлемеді деген айып тағылды. Осы қылмыс үшін ол 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін еді.

1 желтоқсан күні кешке жариялаған мәлімдемесінде Джо Байден ұлының соты «саясатпен ластанғанын» және сол үшін заңсыз шешімдермен аяқталғанын жеткізді.

«Мен бұл шешімді қабылдаған кезде, оны кейінге қалдырудың қажеті болмады. Америкалықтар әке мен президенттің неге мұндай шешімге келгенін түсінеді деп үміттенемін»,— деді басшы.

Хантер Байденге үкім 12 және 16 желтоқсанда шығарылады деп жоспарланған болатын. Екінші жағдайда 2016-2019 жылдары 1,4 миллион доллар көлемінде салық төлеуден жалтарғаны үшін ол 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін еді.

Айта кетейік, Джо Байден туысқанына рақымшылық жасаған алғашқы АҚШ президенті емес. 2001 жылы Билл Клинтон 1985 жылы кокаин сақтағаны үшін сотталған өзінің туған ағасы, актер және музыкант Роджер Клинтонға рақымшылық жасаған болатын.

Пікірлер