1 желтоқсан. Былтыр естелік шығарған экс-президент биыл үнсіз қалды

705
Adyrna.kz Telegram

1 желтоқсан - Қазақстанда Тұңғыш президент күні. 2012-2021 жылдары мереке ретінде атап өтілген бұл күн Қаңтар оқиғасынан кейін мұндай құрметтен "шеттетілген".

Бұл мейрамның 1 желтоқсан күні атап өтілуінің басты себебі 1991 жылы дәл осы күні тұңғыш рет жалпыхалықтық Қазақстан Президенті сайлауының өтуі. Алғашқы бүкілхалықтық сайлау нәтижесінде Нұрсұлтан Назарбаев тұңғыш президент атанды.

Бұл күн 2011 жылғы 10 желтоқсанда парламент сенатының толық отырысында «Қазақстан Республикасының мерекелері туралы» заңына толықтырулар енгізу туралы» заңнамасына қол қойылып, мемлекеттік мерекелер тізіміне қосылған еді.

Кейіннен 2022 жылғы 29 қыркүйектегі заңмен тұңғыш Президент күні мемлекеттік мерекелер тізімінен алынып тасталды және енді демалыс күні емес. Қазір бұл күн кәсіби күн болып саналады.

2023 жылы 1 желтоқсан күні Нұрсұлтан Назарбаевтың «Менің өмірім. Бодандықтан – бостандыққа» атты мемуарлық туындысы жарық көрген еді.

Қазақстанның тұңғыш президентінің  сайтындағы қазірге дейінгі соңғы мәлімет АЭС құрылысына қатысты республикалық референдумда дауыс бергені туралы.

 

Пікірлер