Димаш халықаралық сыйлығын Бибігүл Төлегеноваға арнады

1403
Adyrna.kz Telegram
Фото: instagram.com/kudaibergenov.dimash
Фото: instagram.com/kudaibergenov.dimash

Дубайда өткен (БАӘ) Distinctive International Arab Festivals Awards фестивальде қазақстандық танымал әнші Димаш Құдайберген DIAFA жүлдесіне ие болды. Әнші жүлдесін рухани ұстазы Бибігүл Төлегеноваға арнады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

“Рухани ұстазымыз, ән әлемінде қызмет етіп жүрген млн-даған адамның анасы, әжесі – Бибігүл Төлегенова.  Бибігүл апайымыз 95 жасқа толды. Осы жеңісімді апайымыздың құрметіне арнасам деп шештім. Апайымыз менің әрбір сахнаға шығар сәтімде немесе басқа мемлекеттердегі халықаралық байқауға барар кезімде бата беруден аянбай, әрқашан болысып жүргенін білесіздер. Сондықтан тілеуімді тілеп отырған Бибігүл апайымызға осы сыйлықты арнағым келеді”, - деді танымал әнші.

Ол ұстазы жастайынан қолдау көрсетіп келе жатқанын атап өтті.

“Жастайымнан сіздің жоғары дәрежедегі өнеріңізге сусындап өсіп, сіздің аналық, ұстаздық өсиеттеріңіз бен батаңыздың арқасында қазіргі күні азды-көпті жетістіктерге қол жеткізіп келемін”, – деді Димаш Құдайберген.

Айта кетсек, Димаш Құдайберген Біріккен Араб Әмірліктерінде халықаралық DIAFA сыйлығын алды.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Приматывал это к коленями 3 ночи подряд и суставы не болят уже…
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Мы с мужем обрели вторую молодость! Вот как ему вернули потенцию…
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Вот, что излечит ваши запястья даже в 75 лет! Нужно взять...
Пікірлер