Абай облысында мектеп қазандығы жарылып, жұмысшы зардап шекті

889
Adyrna.kz Telegram
Фото: tengrinews.kz
Фото: tengrinews.kz

Абай облысында мектеп қазандығы жарылып, жұмысшы зардап шекті. Бұл туралы облыстық білім басқармасы мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Ақпаратқа сәйкес, бүгін Үржар ауылы Бауыржан Момышұлы атындағы орта мектептің бөлек орналасқан қазандығында жарылыс болған. Алдын ала деректер бойынша, апаттың себебі – жылу жүйесіндегі айналымның бұзылып, қазандықтағы қысымның көтерілуі.

“Жарылыс салдарынан 18 шаршы метр алаңда қазандық шатырының жарты бөлігі опырылды. Оқиға орнында ТЖД және жергілікті атқарушы органдар жұмыс істеп жатыр. 1970 жылғы жұмысшы 2-3-дәрежелі күйік алды. Зардап шеккен адам аудандық аурухананың хирургия бөліміне жатқызылды. Қазір жағдайы тұрақты”, – делінген облыстық білім басқармасы хабарламасында.

Ведомство мәліметінше, 943 оқушы мен 117 мұғалімнің білім беру процесі тоқтатылған жоқ. Резервтік қазандықтың арқасында мектеп ғимаратына жылу беріліп жатыр.

Демалыс күндері жаңа қазандық орнату жоспарланған.

Пікірлер