Шымкент: Тұрғын үй субсидиясын алушылардың шарттарға сай келуіне тұрақты түрде мониторинг жүргізілуде

105
Adyrna.kz Telegram

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес азаматтардың жекелеген санатының баспана мәселесін жедел шешу мақсатында жалға алған тұрғын үйді субсидиялау тетігі іске қосылғаны белгілі. Осы орайда Шымкент тұрғындарын баспанамен қамту шаралары да өз нәтижесін беріп келеді. Баспана кезегінде тұрып, өздері жалдамалы пәтерді паналап жүрген отбасыларды қолдау мақсатында жалдау ақысының 50 пайызын субсидиялау жобасы жүзеге асырылып жатыр.

2023 жылы субсидиялау тетігіне 2105 азаматтың өтінімі мақұлданып, оларға 191 173 000 теңге төлемдер жүргізілді. Сондай-ақ өткен жылы субсидия алушылардың аталған жеңілдікті мақсатты пайдалануларына мониторинг жұмыстары жүргізілген. Нәтижесінде 500-ге жуық азаматтың мақсатсыз пайдаланғаны анықталып, тағайындалған субсидия тоқтатылған. Ал 2024 жыл басынан жергілікті бюджеттен 2739 азаматқа тұрғын үй субсидиясы төленіп, субсидияны мақсатсыз пайдаланған 277 азаматтың субсидиясы тоқтатылды. Қазіргі таңда 2496 азамат субсидия алуда.

Тұрғын үй сертификаты:
Бүгінгі таңда, 392 азаматқа 357,8 млн. теңгеге тұрғын үй сертификаттары берілді.
Оның ішінде:
- 1,2 - топ мүгедектігі бар азаматтар – 123;
- мүгедектігі бар бала асыраушы отбасылар – 82;
- жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар – 16;
- көпбалалы отбасылар – 73;
- толық емес отбасылар – 33;
- бюджеттік мекеме қызметкерлері – 65.

Айта кету керек, 2023 жылы қайтарымсыз негізде жалпы сомасы 129,7 млн. тг. тұрғын үй сертифаттары төлем қабілеттілігін растаған 148 азаматқа берілген.
Пәтерлерді жекешелендіру:

2024 жыл басынан тұрғынжайларын жекешелендіруге 181 өтінім түсіп, қаралуда. Оның ішінде: 141 пәтер құнын төлеу негізінде, 18 азаматтың пәтері өтеусіз жекешелендірілді.
Көпқабатты тұрғын үйлерді ағымдағы жөндеу:

Қаланың басты көшелерінде орналасқан көпқабатты тұрғын үйлердің қасбеттерін ағымдағы жөндеуге 62 көпқабатты тұрғын үйге ағымдағы жөндеу жүргізу жоспарланып, 54 көпқабатты тұрғын үйдің жұмыстары аяқталып, 8 көпқабатты тұрғын үйге жұмыстар жалғасуда.

Пікірлер