Перизат Қайрат жетекшілік еткен Biz Birgemiz қорында қанша құрылтайшы бары анықталды

145
Adyrna.kz Telegram
Фото: instagram/01pk
Фото: instagram/01pk

Перизат Қайрат басқарған Biz Birgemiz қорында бірнеше құрылтайшы бары анықталды. Бұл туралы Ulysmedia.kz  сайты ресми ашық дереккөздер арқылы анықтады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Ақпаратқа сәйкес, қорды алғаш Астана қаласының Әділет департаменті 2021 жылы қарашада тіркеген. Қордың толық атауы – "Biz Birgemiz Qazaqstan 2030" қоғамдық бірлестігі.

Қорды құрылтайшыларының тізімінде Перизат Қайраттың өзімен қосқанда 10 адам бар. Олар:

  • Матюшенко Сергей Владимирович
  • Мағзұм Арсланбек Талғатұлы
  • Тұрғанбай Шадияр Докторұлы
  • Аманбай Аружан Оразбайқызы
  • Болысов Тохтар Коммунарович
  • Хисматуллин Дамир Сакенович
  • Серикжанова Айгерим Тельжановна
  • Сейткамал Гүлназ Нұрланқызы
  • Хафиз Аян Бауыржанұлы.

Тізімдегі құрылтайшылардың біразының есімі Amanat партиясымен байланысты. Мәселен, Сергей Матюшенко партияның Астана қаласы Байқоңыр аудандық филиалының атқарушы хатшысы. Елордалық Азаматтық альянсты директоры болғанын әлеуметтік желіде жазады. Өзін желіде қазақ тілін білетін украин деп таныстырады.

Мағзұм Арсланбек Астана қаласы «Amanat» партиясы жанындағы «Жастар Рухы» ЖҚ филиалының төрағасы. 2023 жылғы 29 наурызда Астана қаласы мәслихатының VIII сайланымының депутаты болып сайланған.

Болысов Тохтар Коммунарович ашық дереккөздерде INMODE және CONSULT-INVEST ITIC компаниясының жетекшісі ретінде көрсетілген. Оның сонымен бірге, Ғылым және жоғары білім министрінің жастар саясаты жөнінде кеңесшісі екені жазылған. 2018-2024 жылдар аралығында Қазақстан жастар конгресінің атқарушы директоры.

Серикжанова Айгерим Тельжановна Amanat партиясы жанындағы "Жастар Рухы "Жастар қанаты" қоғамдық бірлестігінің Астана қалалық филиалының бұрынғы құрылтайшысы және SAT MEDIA компаниясының басшысы.

Хафиз Аян Бауыржанұлы – Amanat партиясы жанындағы "Жастар Рухы" Жастар қанаты " қоғамдық бірлестігінің Астана қалалық филиалының бұрынғы құрылтайшысы.

Тізімдегі басқа құрылтайшылар жөнінде ашық ақпарат көздерінде мәлімет табылмады.

Пікірлер