Әкесі - түрмеде, анасы - базарда. Түркияда бір үйдің бес баласы өрттен қайтыс болды

1533
Adyrna.kz Telegram
Фото: dzen.ru
Фото: dzen.ru

Түркияның Измир аймағындағы бір үйдің балалары өрттен қаза тапты, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Қайғылы оқиға Селчук ауданында болған. Жергілікті БАҚ мәліметінше, үйдегі  электр пешінен ақау шыққан. Салдарынан өрт лаулап, үйде қараусыз қалған бір жастан бес жасқа дейінгі балалар түтінге тұншығып, көз жұмған.

5 баланың анасы 27 әйел адам. Ол ескі заттарды сату үшін базарға кеткенін айтқан. Ал балалардың әкесі бірнеше жыл бұрын ұрлық жасағаны үшін сотталып кеткен. Өрттен қаза тапқан балалардың анасы қамауға алынды.

«Әкелері де, туысқандары әрдайым көмектесіп отыратынбыз. Жағдайлары жаман емес еді. 15 күн бұрын менің інім барып балалардың ересектерін интернатқа өткіз, кішкентайларын мен алайын депті. Бірақ анасы өзім қараймын деп рұқсат бермепті», - дейді балалардың нағашы ағасы.

Қайғылы оқиға Түркия парламент депутаттары әлеуметтік аз қамтылған отбасыларға арналған бағдарламаны қайта қарау керектігін ұсынып, дабыл қақты.

«Отбасы жөніндегі министрлік өкілдері балаларды арнайы интернатқа алайық деп бұл үйге 18 рет барған екен. Алайда анасы келіспеген. Мемлекеттен жәрдемақы да тағайындалған. Болашақта осындай жағдайлар қайталанбас үшін аз қамтылған отбасыларға қатысты бағдарламаны қайта қарау керек. Балаларды сот шешімімен отбасынан алып, мемлекеттік интернатқа орналастыру мәселесін оңтайландыру қажет», - дейді  «Ақ партия» фракциясының жетекшісі Өзлем Зенгин.

Айта кетейік, Қостанай облысы Жітіқара қаласында жеке тұрғын үйде шыққан өрт салдарынан үй шатыры опырылып түсіп, бес бала қаза тапты.

Пікірлер