«Өте төмен нәтиже». Мырзабосынов министр болуға лайық па?

810
Adyrna.kz Telegram

Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов Мәжіліс отырысынан кейін журналистердің сұрақтарына жауап берді, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы. 

Журналистердің бірі министрге «Сіз өзіңізді министр қызметіне лайықтымын деп санайсыз ба? Париж олимпиадасы кезінде спорт комитетін басқардыңыз, ұлттық құраманың жарқын жеңіске жете алмауына өзіңізді де жауаптымын деп есептемейсіз бе?» деп сұрақ қойды.

Ербол Қуантайұлы келесі жылы спорт саласында жұмыс атқарғанына 20 жыл болатынын ескертті.

«Өзімнің спорттағы тәжірибемді қоссам, онда 30 жылға жуық болады. Бүгінгі күні осы жұмысқа қарап, келешек жұмысымыздың бағасын халық береді. Оған лайықпын ба, емеспін бе, енді мемлекет басшысы сенім артқаннан кейін мен жұмыс істеп жатырмын.

Ал Олимпиаданың нәтижесіне байланысты, өздеріңіз білетіндей, Париж олимпиадасына дейін Азия ойындары өтті, ол жерде спортшыларымыз 11-орын алды. Бұл әрине өте төмен нәтиже. Париж олимпиадасына Токио олимпиадасына қатысқан спортшыларымыздың 80 пайызы келді. Жеңіл аллетикада 200 метрді 21 сукундта келеді. 10 айда әлемдік рекордта келу оңай емес спортта, бірақ соған қарамастан сол Азия ойындарынан кейін 10 айдың ішінде ғылыми топтар қалыптастырылып, әр спорт түрінен жеке жоспар құрып, спортшыларымызды олимпиадаға тыңғылықты әкелуге тырыстық. Нәтижені жаман деп айта алмаймын. Нәтиже қай кезде жақсы болады, нәтиже кейінгі индикаторда, алдығы индикаторда алға бассақ жақсы болады. Біз 83 орыннан, 43 орынға көтерілгеніміз бұл индикаторлардың орындалуы деп есептеймін», – деді ол.

Пікірлер