«Астана LRT» және Талғат Ардан ісі. Тағы да сырттай үкім шықты

1036
Adyrna.kz Telegram
Сурет: alrt.kz
Сурет: alrt.kz

Бүгін, 11 қарашада Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты LRT компаниясының бұрынғы төрағасы Талғат Арданға сырттай үкім шығарды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Іс сотталушыға қатысты халықаралық іздестіру жарияланғандықтан, оның қатысуынсыз сырттай қаралды.

Тергеу барысында 2016 жылдың 22 желтоқсанында Талғат Арданның қажеттіліктің жоқтығына қарамастан, LRT құрылысы үшін Қытай даму банкінен 257,6 миллион доллар сыртқы несиенің бірінші траншын заңсыз сұрағаны анықталды. Шенеунік лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдаланғаны үшін кінәлі деп танылды.

2023 жылы ол бюджет қаражатын ысырап еткені үшін 7 жылға сотталған болатын. Жаңа үкіммен жаза мерзімі 9 жылға дейін ұзарды, сондай-ақ оған 85 млрд теңге шығынды өтеу міндеттелді. Өткен жылы мамырда елордада салынбай қалған Astana LRT құрылысына қатысты қылмыстық іс бойынша сот үкімімен Талғат Ардан мен Қанат Сұлтанбеков 7 жылға сотталған еді.

Айта кетейік, бұған дейін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Талғат Арданды іздеу және экстрадициялау жұмыстары туралы есеп беріп, Талғат Арданның қайда екені анықталмағанын мәлімдеген еді.

Бас прокуратура Талғат Ардан мен Қанат Сұлтанбековті іздеу жұмысының тоқтамайтынын айтқан.

Пікірлер