Қазақстандағы орташа жалақы 390 мың теңгені құрады

1557
Adyrna.kz Telegram
Фото: baq.kz
Фото: baq.kz

Бүгін, 11 қарашада Ұлттық статистика бюросы елдегі «қызметкерлердің саны және жалақысы» туралы мәліметтерді жаңартты. Оған сәйкес 2024 жылғы III тоқсанда Қазақстан бойынша орташа жалақы 390 мың теңгені құрады, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«Айлық жалақының орташа мәні 2023 жылғы тиісті тоқсанға қарағанда 11,3%-ға өсіп, 390 328 теңгені құрады»,—делінген ақпаратта.

Өңірлер бойынша орташа еңбекақы ең көп Шымкентте – 16,1%-ға, Алматыда – 15,2%, Абай және Ақтөбе облыстарында – 14,2%, Қостанай облысында – 14,0% өсті.

Еске салайық, бұған дейін Үкімет қазақстандықтардың орташа жалақысы 2029 жылы жарты миллион теңгеден асады деп болжаған еді.

Пікірлер