Бишімбаевтың түрмеден қашқаны туралы ақпарат тарады. Министрлік жоққа шығарды

5594
Adyrna.kz Telegram
Фото: dzen.ru
Фото: dzen.ru

10 қараша күні әлеуметтік желіде бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев түрмеден қашып кетті деген ақпарат тарады. Ішкі істер министрлігінің жанындағы қылмыстық-атқару жүйесі комитеті бұл ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«Сотталған Қ. Бишімбаевтың қашып кеткені туралы жалған ақпарат таралып жатыр. Бұл ақпарат шындыққа сәйкес келмейді. Сотталушы жазасын қатаң тәртіптегі мекемеде өтеп жатыр. Бұл жалған ақпарат тарату фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды, кінәлілер жауапқа тартылады»,—деді комитет өкілдері.

Экс-министр Қуандық Бишімбаев 13 мамырда бірнеше айға созылған соттан кейін екі бап бойынша сотталған болатын.  Оған тағылған айыптар: аса қатыгездікпен кісі өлтіру (15 жылдан 20 жылға дейін немесе өмір бойына бас бостандығынан айыру); қинау (4 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығын шектеу немесе осы мерзімге бас бостандығынан айыру). Сот оны 24 жылға кескен. Осы қылмысқа қатысы бар Бақытжан Байжанов қылмыстық кодекстің 432-бабы бойынша кінәлі деп танылған. Ол 4 жылға бас бостандығынан айырылған.

Еске салайық, 2023 жылдың 9 қарашасында Астана мейрамханаларының бірінде қайғылы жағдай болып, бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевтың әйелі Салтанат Нүкенова қайтыс болды. Сол оқиғадан кейін Бишімбаев қамауға алынды. Артынша оның туысы Бақытжан Байжанов та қамалды.

Пікірлер