Египетте қазақстандық туристер мінген автобус аударылып кетті

1344
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2024/11/whatsapp-image-2024-11-10-at-09.31.13.jpeg
Египетте Рас-Сидр қаласы маңында ТМД елдерінен келген туристер мінген автобус жол апатына ұшырады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Cairo24  басылымына сілтеме жасап. Оқиға салдарынан шамамен 41 адам әртүрлі жарақаттар алған. Олардың 31-і Ресей мен Украинадан келген туристер. Сондай-ақ, зардап шеккендердің ішінде Қазақстаннан келген үш турист, Әзербайжаннан келген үш турист және төрт жергілікті тұрғын бар. Жарақат алғандар ауруханаға жеткізілді. Әзірге олардың азаматтығы мен денсаулық жағдайы туралы нақты ақпарат жоқ. Автобус қозғалыс кезінде аударылған, бірақ апаттың себептері әлі белгісіз.
Комментарии