Талғарда жаңа әкім сайланады

1605
Adyrna.kz Telegram

Талғар ауданының аумақтық сайлау комиссиясы жаңа қала әкімін сайлау күнін белгіледі. Бұл туралы орталық сайлау комиссиясы мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. 

“Алматы облысы Талғар ауданының аумақтық сайлау комиссиясы 2024 жылғы 15 желтоқсанда Талғар ауданы Талғар қаласы әкімін анықтау үшін сайлау өтетінін хабарлайды”, деп жазылған Орталық сайлау комиссиясы сайтында жарияланған хабарламада.

Бұған дейін Талғар қаласының әкімі Бақыт Күрішбеков қызметінен босатылған болатын.

“Талғар қаласының әкімі Бақыт Күрішбеков пен қала әкімінің орынбасары Сағындық Матан өз міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін қызметтен босатылды”, – деп мәлімдеді Талғар ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Бұған қоса, сеніп тапсырылған аумақта бақылауды әлсіреткені үшін Талғар ауданының әкімі Таңат Айдарбековке сөгіс жарияланды.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Кардиолог шокировал мировую медицину: сосуды чистит простой...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Видео с выпускного "убило" всех родителей: кто это заснял?!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пышнотелая танцовщица заставила зал замереть! Только посмотрите
Пікірлер