Көпбалалы ана Tiktok-тағы сыны үшін сотталды

3811
Adyrna.kz Telegram
Фото: Бейнеден скрин
Фото: Бейнеден скрин

Маңғыстауда билікті сынаған 11 баланың анасы сотталды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Бұл туралы Информбюроның жаңалықтар қызметі мәлімдеді.

Жаңаөзендік Жадыра Досекеева есімді азаматша қылмыстық кодекстің "телекоммуникация желілерін пайдалана отырып, әлеуметтік алауыздықты қоздыру" бабы бойынша кінәлі деп танылғаны мәлім болды. Ол үш жыл шартты жазаға кесілді. Енді ол үш жыл бойы әлеуметтік желілерді пайдалана алмайды.

Сот жаңаөзендік тұрғынның биыл сәуірде "Tik-Tok" әлеуметтік желісінде жариялаған бейнежазбасын" әлеуметтік және ұлттық алауыздықты қоздыруды негіздейді" деп бағалады. Әй адамға қатысты қылмыстық іс биыл маусымда қозғалған болатын. Сот барысында прокурор оның бас бостандығын 4 жылға шектеу жазасын тағайындауды сұраған.

Ал сот айыпталушының кәмелетке толмаған балалары барын ескеріп үш жыл шартты жаза кескен.

"Сотталушы Жадыра Досекеева өзінің кінәсін мойындамай соттан ақтау үкімін шығаруды сұрады. Жадыра Досекееваның кінәсі куәлердің жауаптарымен, психологиялық-филологиялық сараптама қорытындысымен, істің басқа да құжаттарымен дәлелденді. Сот, Жадыра Досекеева-ға жаза тағайындау барысында асырауында кішкентай балаларының болуын қылмыстық жауапкершілігін жеңілдететін мән-жайлар деп таныды. Ауырлататын мән-жайлар анықталмады”, – делінген хабарламада.

Пікірлер