FlyArystan ұшағы Ақтауға екі рет қона алмады

1331
Adyrna.kz Telegram

FlyArystan әуе компаниясының ұшағы Ақтауға екі рет қона алмады, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы.

«КС7277 рейсі Атырау – Ақтау бағытында 2 қараша күні сағат 06.40-та ұшып шығуы тиіс болатын. Алайда, әуе компаниясы Ақтау қаласындағы ауа райының қолайсыздығына байланысты рейсті кейінге қалдыруға мәжбүр болды», - деп мәлімдеді FlyArystan баспасөз қызметі.

2 қараша күні сағат 21.50-де ұшақ қою тұман салдарынан Ақтауға қона алмай, кері қайтқан. Келесі күні таңғы сағат 7-де ұшақ қайтадан қона алмады.

Рейстің қайтадан  ұшу уақыты 3 қараша 17:30-ға жоспарланған.

Жергілікті «Ақ Жайық» басылымының хабарлауынша, жолаушылар ұшақ күту кезінде ыстық тамақ пен басқа да қолайлы жағдайлардың жоқтығына наразы болған.

«Кідіріс кезінде жолаушыларға су және ыстық тамақ, сондай-ақ өтініш бойынша қонақүйде тұру және тұрғын үй құнын өтеуге кепілдік хаттар берілді», - деп жауап берді FlyArystan қызметі.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Это спасет потенцию даже в 70 лет! Продается в каждой аптеке...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
1 чайная ложка на ночь и все - потенция сильнее, чем в 20 лет
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Вот, что излечит ваши запястья даже в 75 лет! Нужно взять...
Пікірлер