"Қазақфильмдегі" дау. Басшылық киностудия ғимараты туралы түсінік берді

1712
Adyrna.kz Telegram
Сурет: trtavaz.com
Сурет: trtavaz.com

Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясына тиесілі ғимараттың сатылымы туралы ақпарат расталмады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Nege.kz-ке сілтеме жасап.

Бүгін әл-Фараби даңғылында орналасқан бас ғимарат алдына ардагерлер мен кино майталмандары жиналып, Президенттен қордаланған мәселелерді шешіп беруін сұраған.

Алайда бірнеше сағаттан соң "Қазақфильм" басшылығы желідегі парақшасында Алматы қаласындағы Рысқұлов даңғылы, 101Б мекенжайында орналасқан жер телімі мен бұрынғы «Қазкинопрокат» ғимаратының сатылғаны туралы қауесеттерді жоққа шығарып, жазба жариялады.

Киностудияның мәліметінше, көрсетілген аумақтағы ғимарат "апатты" деп танылған. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында «Қазақфильм» Алматы қаласы әкімдігі өкілдерінің қатысуымен кешенді сараптама ұйымдастырған.

«Мамандардың қорытындысы негізінде бұл ғимаратты қауіпсіз пайдалану бойынша одан әрі шешімдер қабылданады. Жер телімі мен ғимарат кешені сатылды деген ақпарат жалған. Бұл жалған ақпаратты таратуды жалғаса берсе, сотқа жүгіну құқығымызды сақтаймыз» делінген киностудия жасаған мәлімдемеде.

Сонымен қатар, «Қазақфильм»өткізу режимінің қатаңдауы туралы ақпаратты жоққа шығарды.

Айта кетейік, бүгін ғана киностудияның алдында бір топ кино өкілдері жиналып, "Қазақфильмге" тиесілі ғимараттың жағдайын айтқан еді.

Пікірлер