Ұлттық қор шығындардың өсуі Парламенттің алаңдаушылығын тудырды

1069
Adyrna.kz Telegram
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

 Қазақстан Ұлттық қорының  шығындардың өсуі Парламенттің алаңдаушылығын тудырды, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы.

«Президенттің қатаң ескертулеріне қарамастан, біз әлі де ұлттық қордан ақша жұмсауды жалғастырудамыз. 2025 жылы Ұлттық қордан кепілдендірілген және нысаналы трансферттер көлемі 5,3 трлн теңгені құрады, Бұл ағымдағы жылмен салыстырғанда бір жарым есе көп. Ең қызығы, бұл көрсеткіш Республикалық бюджеттің 20%-ы және нақты салық түсімдерінің үштен бірін құрайды», - деді депутат Елнұр Бейсенбаев Мәжіліс отырысында.

Оның пікірінше, бұл фактілер үкіметтің салық түсімдері мен дивидендтері бойынша кіріс бөлігінің әлсіз орындалуын көрсетеді.

Мәжіліс спикері Ерлан Қошанов та Үкіметтің Ұлттық қор қаражатын жұмсауын сынға алды. Ол Ұлттық қор – болашақ ұрпаққа арналған қаржы мұрасы екенін еске салды.

«Ұлттық қор қаражатын ағымдағы қажеттіліктерге пайдалану практикасын доғару қажет. Бүгінде жеті миллионға жуық бала Ұлттық қордан төлем алады, бүкіл ел қор қаражатының жұмсалуын жіті қадағалап отыр», - деп толықтырды Ерлан Қошанов.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Позвали Таню, и жены начали уводить мужей. Не стесняется стыдобы
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Галкин и Пугачева станцевали зажигательный танец на Кипре
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Не смейте выбрасывать зажимы от хлебных упаковок: они бесценны
Пікірлер