Ақмола облысында бір апта бұрын жоғалған қыз басқа өңірден табылды

534
Adyrna.kz Telegram
Фото: Ашық дереккөзден
Фото: Ашық дереккөзден

Бір апта бұрын Қосшыда жоғалып кеткен 16 жастағы қыз Семейде аман-есен табылды, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы Ақмола облысы ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

2008 жылы туған кәмелетке толмаған Сәрсенова Дильназ Еранқызы 19 қазанда үйден шығып, қайта оралмаған. Телефон қоңырауларына жауап бермеген.

Алдымен жоғалған адамның әкесі қызын өз бетінше табуға тырысқанымен, нәтиже болмаған. Сондықтан 21 қазанда ата-аналар құқық қорғау органдарының көмегіне жүгінуге мәжбүр болған.

Полиция қызметкерлері қыздың бұрын бірнеше рет үйден кетіп қалып, кейін қайтып келгенін анықтады. Сондай-ақ, жасөспірімнің мүгедек екені белгілі болды.

Жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде қыз Семейден табылды, жағдайы жақсы.

Полиция қызметкерлері ата-аналардан әсіресе мектеп демалысы кезінде, балалардың қай жерде жүргенін қатаң бақылауға алуды сұрайды.

 

Пікірлер