Ресей Қазақстанды транзит тарифі бойынша Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) туралы шарттың базалық қағидатын бұзды деп айыптады, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы.
«Комиссия Қазақстан Республикасының аумағында жүк тасымалдауға арналған теміржол тарифтерінің көтерілуі себепті тасымал көлемдерінің қысқаруын назарға алды. Ресей тарапының пікірінше, өз шешімімен қазақстандық тарап транзиттік тасымалдарға біріздендірілген тарифтерді қолдану бөлігінде ЕАЭО туралы шарттың базалық қағидатын бұзды», - делінген Қазақстан мен Ресей арасындағы ынтымақтастық жөніндегі Үкіметаралық комиссияның 25-ші отырысының хаттамасында.
Айта кетейік, хаттамаға әлі қол қойылған жоқ.
Жағдайды реттеу үшін, ұзақ мерзімді әрекет ететін бос вагондарды тасымалдауға қатысты конвенциялық шектеулерге байланысты, РЖД және "ҚТЖ-Жүк тасымалы" компаниялары 2024 жылғы 21 маусымда келісілген өтінім бойынша бос вагондардың қозғалысы туралы келісімге қол қойды. Бұл келісімнің іске асырылуы конвенциялық тыйымдардың санын азайтуға көмектеседі. Тараптар аталған келісімнің ережелерін тараптардың ақпараттық жүйелерінде техникалық іске асыру бойынша жұмысты жалғастыруға уағдаласты.
Қазақстандық тараптың ақпараты бойынша, ҚТЖ ҰК АҚ тарифтік талаптарының өзгеруі экономикалық негізделген шығындарды жабу және теміржол инфрақұрылымын дамыту қажеттілігіне байланысты ЕАЭО туралы шарттың нормаларына, сондай-ақ, ҚР ұлттық заңнамасына қайшы келмейді.
«ҚР ұлттық заңнамасына сәйкес «ҚТЖ»ҰК» АҚ жүк тасымалдары үшін шекаралық станциялардағы инфрақұрылым тарифтерін өзгерту құқығына ие. Инфрақұрылым тарифтерінің өзгеруі ҚР «Табиғи монополиялар туралы» заңына сәйкес жүзеге асырылады. Сонымен қатар, 2024 жылдың 16 сәуірінен бастап «ҚТЖ»ҰК» АҚ инфрақұрылым тарифтерінің кейбір жүк түрлеріне қатысты деңгейі «РЖД» ААҚ тарифтерінен аспайды, осылайша ҚР аумағы арқылы транзиттік көлемдердің жоғалу тәуекелдерін азайтады», - делінген хаттамада.
Ресей тарапы ЕАЭО келісімінің тарифтік жүйелер арасындағы міндетті сәйкестік қарастырылмайтынын атап өтті.
«ЕАЭО туралы шартқа сәйкес әрбір мүше мемлекеттің аумағы бойынша тасымалдауды жүзеге асыру кезінде осы шартқа мүше мемлекеттердің тұтынушыларының теміржол көлігі қызметтеріне қолжетімділігін қамтамасыз ету тұтынушыларға арналған қолайлы шарттардан кем болмауы тиіс. «ҚТЖ «ҰК» АҚ-ның тарифтерді көтеру туралы шешімі ЕАЭО мемлекеттерінің теміржол тасымалдарын ҚР аумағы арқылы транзитпен жүзеге асыру кезінде Қазақстан тұтынушыларымен салыстырғанда теңсіз тарифтік шарттар туындатты, себебі олар төменгі ішкі тарифтермен тасымалдарды жүзеге асырады», - деп мәлімдеді Мәскеу.
Осы мәселені талқылау нәтижесінде ЕЭК-тің ішкі нарықтарды функционалдау департаменті Қазақстан тарапынан теміржол тарифтеріне қатысты баға шектерін қолдану жөнінде ЕАЭО келісімінің нормаларын бұзулар анықталмағанын атап өтті.