Трамп америкалықтарды шетелге соғысуға жібермеуге уәде берді

1361
Adyrna.kz Telegram

Дональд Трамп президенттік сайлауда жеңіске жететін болса, америкалықтарды шетелдік қақтығыстарға жібермеуге уәде берді, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы.

Республикалық партиядан АҚШ президенттігіне үміткер Дональд Трамп бір күн бұрын Пенсильваниядағы митинг барысында президенттік сайлауда жеңіске жеткен жағдайда америкалық әскерлерді шетелдік қақтығыстарға қатысуға жібермейтінін айтты.

Митинг RSBN медиа компаниясының YouTube арнасында көрсетілді.

«Менің кезімде АҚШ соғыс жүргізген жоқ. Біз бейбітшілікке қол жеткіздік. Бұл тамаша. Сіздер балаларды соғысқа жіберіп, оларды ешқашан естімеген ел үшін құрбан етпеулеріңіз керек. Мен сіздерді  шетелдік соғыстарда шайқасуға және қаза табуға жібермеймін», - деп атап өтті Трамп.

Сөз барысында ол сайлаушылардың назарын Демократиялық кандидат Камала Харрис жеңіске жеткен жағдайда шетелдік қақтығыстарға қатысу сөзсіз болатынына аударды. «Ол Қытай төрағасы Симен, Путинмен, Ким Чен Ынмен күреспейді. Сондықтан сіздердің ұл-қыздарыңыз әскерге алынып, сіз ешқашан естімеген елге соғысуға жіберіледі», - деді Трамп.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Девушка из г Колумбус опозорилась на всю Беларусь! Видео ошеломит
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Этот танец невесты оставит вас без слов! Пересмотрела 10 раз!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Позвали Таню, и жены начали уводить мужей. Не стесняется стыдобы
Пікірлер