Атырауда төрт адамның өмірін жалмаған жол апаты болды

604
Adyrna.kz Telegram
Фото: Ашық дереккөзден
Фото: Ашық дереккөзден

Атырау облысында жеңіл көлік апатқа ұшырап, төрт адам қаза тапты, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Облыстық ПД қайғылы оқиғадан екі сағат бұрын дәл осы Daewoo Nexia жүргізушісіне жолда сақ болу туралы ескерту жасалғанын хабарлады.

26 қазанда таңғы сағат 4:00 шамасында Атырау — Орал тас жолында Атырау облысы ПД патрульдік полиция ротасының қызметкерлері ресейлік нөмірі бар Daewoo Nexia автокөлігін тоқтатқан. Жүргізушіге жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін әкімшілік хаттама толтырылып, түнгі уақытта ерекше сақтықты сақтау қажет екені ескертілген.

Алайда, екі сағаттан кейін, сол жолда 38 жастағы жүргізуші көлікті басқара алмай, қарсы жолаққа шығып кетіп, жүк көлігімен соқтығысқан.

Жол апаты салдарынан Daewoo Nexia жүргізушісі мен оның үш жолаушысы оқиға орнында қаза тапты. Жеңіл көлік өртеніп кетті.

Пікірлер