Мемлекет басшысы Аустрия президентіне жеделхат жолдады

1442
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2024/10/whatsapp-image-2024-10-26-at-12.32.44.jpeg
Мемлекет басшысы Аустрияның Федералдық президентіне құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. Бұл туралы Ақорда мәлімдеді. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Александр Ван дер Белленді Аустрия Республикасының ұлттық күнімен құттықтады. Мемлекет басшысы өз жеделхатында екі ел арасындағы ынтымақтастық қарқынды дамып келе жатқанын атап өтті. Сонымен қатар бірлескен күш-жігер арқылы Қазақстан мен Аустрияның ықпалдастығы қос халықтың игілігі үшін беки түсетініне сенім білдірді. Қасым-Жомарт Тоқаев Александр Ван дер Белленге және Аустрия халқына құт-береке тіледі.
Комментарии