Асқар Жұмаділдаев - "Еңбек ері". Марапат иелері жарияланды

117
Adyrna.kz Telegram

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен наградтау туралы» Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Республика күні қарсаңында Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен еліміздің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына, халықтар арасындағы достық пен ынтымақты нығайтуға қосқан елеулі үлесі мен белсенді қоғамдық қызметі үшін бір топ азамат мемлекеттік наградалармен марапатталды. Олардың қатарында білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет және ғылым қайраткерлері, өндіріс, бизнес салаларының көрнекті өкілдері, депутаттар, мемлекеттік және құқық қорғау органдарының қызметкерлері, әскери қызметшілер, спортшылар және еңбек ардагерлері бар.

Отандық ғылымды дамытудағы айрықша жетістіктері, сондай-ақ қоғамдық қызметтегі аса үздік еңбегі үшін  «Қазақстанның Еңбек Ері» атағы  «Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы «Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы» КеАҚ вице-президенті Асқар Жұмаділдаевқа берілді.

Қазақстан Республикасының әлеуметтік-гуманитарлық дамуындағы аса үздік жетістіктері үшін  «Қазақстанның Еңбек Ері» атағы Алматы қаласы, «№4 арнайы мектеп-интернат» КММ мұғалімі ГүлжанарНұрпейісоваға   және Орал қаласы, «Асан Тайманов атындағы №34 мектеп-гимназия» КММ мұғалімі Эльмара Траисоваға  берілді.

Өндірістік қызметтегі ерекше еңбегі үшін «Қазақстанның Еңбек Ері» атағы Қарағанды облысы, «Шахтерское» ЖШС директоры Георгий Прокопке берілді.

Пікірлер