Рыбакина Қазақстанның атынан тағы бір маңызды турнирге қатыспайтын болды

196
Adyrna.kz Telegram
фото: olympic.kz
фото: olympic.kz

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина ұлттық команда үшін маңызды саналатын тағы бір турнирге қатыспайтыны белгілі болды. Бұл туралы sportarena.kz. жазды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. 

Ақпаратқа сәйкес, Қазақстан мен Оңтүстік Корея теннисшілері «Билли Джин Кинг» кубогының плей-офф матчтық кездесуінде бақ сынайды. Кубоктың ресми сайты екі ел құрамаларының өтінімдерін жариялаған. Теннистен Қазақстанның әйелдер құрамасынан Елена Рыбакина көрінбейді, бірақ командаға Зарина Дияс оралған.

Қазақстан құрамасы матчқа Юлия Путинцева (әлемнің 29-шы ракеткасы), Жібек Құламбаева (311), Зарина Дияс (379), Анна Данилинамен (жұптық сында әлемнің 23-ші ракеткасы) шығады.

Ал Оңтүстік Кореяның құрамына Да Ён Бак (324), Со Хён Пак (374), Ку Ён Ву (437), Да Бин Ким (980) кірген.

Ойындар Астанада 16-17 қараша күндері өтеді.

Еске салсақ, Елена Рыбакина биыл Қазақстан атынан жазғы Олимпиада ойындарына қатыспағаны үшін сынға ұшыраған болатын. Спортшы Парижге ауырып қалғанына байланысты бара алмағанын мәлімдеді.

Ал бір ай бұрын қазақстандық теннисші денсаулығына байланысты Қытайда өткен WTA 1000 - China Open турнирінен бас тартқан еді.

Пікірлер