Қазақстан құрамасы Словениядан жеңіліп қалды

1851
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2024/10/photo_2024-10-13_20-06-19.jpg
Футболдан ұлттық құрама УЕФА Ұлттар лигасының 4-тур аясында Словения құрамасымен кездесті, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы. Алматыдағы Орталық стадионда өткен ойын 0:1 есебімен аяқталды.Бұл матчтағы жалғыз голды Словения құрамасының шабуылшысы Ян Млакар 55-минутта соқты. Еске салайық, Қазақстан құрамасы Ұлттар лигасындағы алғашқы кездесуін Норвегиямен сенсациялық тең ойынмен (0:0) бастады, бірақ одан кейін екі ірі жеңіліске ұшырады: алдымен Станислав Черчесовтың шәкірттері қонақта Словениядан (0:3) жеңілсе, кейін Австрия құрамасынан сырт алаңда (0:4) ұтылды. Словения құрамасының Ұлттар лигасындағы алғашқы ойындарына келетін болсақ, олар Қазақстанды жеңуден бөлек, Австриямен тең ойнап (1:1), Норвегиядан (0:3) жеңіліс тапты.
Комментарии