Батыс Қазақстанда 4 мыңнан астам ірі қара мал бруцеллезге шалдықты

1010
Adyrna.kz Telegram

Батыс Қазақстанда төрт мыңнан ірі қара мал бруцеллез ауруына шалдықты, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы «Мой город» порталына сілтеме жасап.

Батыс Қазақстан облысының ветеринария басқармасы мәлімдегендей, ауыл шаруашылығы жануарлары жылына екі рет бруцеллезге тексеруден өтеді. Жыл басынан бері 666,8 мың ірі қара мал тексеріліп, 4 942-сі ауруға шалдыққаны анықталған. Сондай-ақ, 1,1 миллион ұсақ малдың 1 203-і оң нәтиже көрсеткен.

«Бүгінгі таңда, 4 316 ірі қара мал мен 991 ұсақ мал санитарлық союға жіберілді», – деп хабарлады басқарма өкілдері.

Ресми деректерге сәйкес, соңғы 7 жылда мал арасында бруцеллез ауруының деңгейі төмендегені байқалады. Мысалы, 2021 жылы 6 490 бас ірі қара мал ауруға шалдықса, 2022 жылы – 5 045, ал 2023 жылы бұл көрсеткіш 4 141 басқа дейін азайған. Ауру малдар облыстағы алты мамандандырылған ұйымға жіберіледі. Ведомствоның мәліметінше, бруцеллезге шалдыққан 329 бас ұсақ малдың еті үшін 5,4 миллион теңге өтемақы төленген.

Пікірлер