Берік Әбдіғали уақытша қызметке тағайындалды

1680
Adyrna.kz Telegram
Фото: gov.kz
Фото: gov.kz

Ұлытау облысының бұрынғы әкімі Берік Әбдіғали Ұлттық музей директорының міндеттерін уақытша атқарушы қызметіне тағайындалды. Жаңа басшыны музей ұжымына Мәдениет және ақпарат министрінің міндетін атқарушы Айзада Құрманова таныстырды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. 

Берік Әбдіғали әкім қызметінен 2024 жылдың 9 қазанында босатылған еді. Дастан Рыспеков Ұлытау облысының жаңа әкімі болды.

Берік Әбдіғали 18.09.1971 жылы Қарағанды облысы, Ұлытау ауданы, Терісаққан ауылында дүниеге келген. 2022 жылы Ұлытау облысының әкімі болып тағайындалды. Оған дейін Парламент Мәжілісінің депутаты болған.

Ұлттық музей ресми түрде 2015 жылдың 9 шілдесінде ашылды. Қазақстанның ең үлкен музейі саналады. Астанадағы тәуелсіздік алаңында орналасқан.

Еске салайық, Ұлттық музейдің бұрынғы басшыларының бірі, бұрынғы Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы қазір сыбайлас жемқорлық ісі бойынша жазасын өтеп жатыр.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Девушка из г Колумбус опозорилась на всю Беларусь! Видео ошеломит
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Вот, что излечит ваши запястья даже в 75 лет! Нужно взять...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Ложку перед сном и все! За неделю уйдет 13 кг возрастного жира...
Пікірлер