Түркіменстанда Қазақстанның бұрғылау қондырғысы жұмысын бастайды

1032
Adyrna.kz Telegram
Фото: www.aa.com.tr
Фото: www.aa.com.tr

«ҚазМұнайГаздың» еншілесі кәсіпорны – «KMG Drilling & Services» компаниясына тиесілі Satti бұрғылау қондырғысы Түрікменстанның Шелекен кен орнында бұрғылау жұмысын бастамақ, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Бұл туралы ҚМГ баспасөз қызметі мәлімдеді.

Satti қалқымалы теңіз бұрғылау қондырғысы – Қазақстанда жасалған. Ол - күрделі теңіз жағдайларында бұрғылау жұмыстарын жүргізуге арналған құрылғы.

2021 жылы модификациядан өткеннен кейін, құрылғылардың жүк көтеру қуаты 453 тоннадан 680 тоннаға дейін артқан.

«Шетелдегі жобаларда «Satti» платформасының табысты пайдалануы Қазақстанның жоғары сапалы қызмет көрсетіп, әлемдік деңгейде күрделі мұнай-газ жұмыстарын орындау қабілетін растап отыр», – делінген компания хабарламасында.

Бұрғылау жұмысы басталуына байланысты Түркіменстанның Ашхабад қаласында «KMG Drilling and Services» компаниясының бөлімі ашылған. Қазақстан мен Түрікменстан арасындағы екіжақты ынтымақтастықты нығайту мақсатында тамыз айында KMG DS және Dragon Oil Turkmenistan Limited Каспий теңізінің түрікмен секторында бұрғылау жұмыстарын жүргізуге келісімшарт қабылдаған.

Пікірлер