Димаш Діндер съезінде ізгі ниет елшісі атанды

1162
Adyrna.kz Telegram
Сурет: dimashnews.com
Сурет: dimashnews.com

Әлемге танымал әнші Димаш Құдайберген Діндер съезінде ізгі ниет елшісі атанды. Бұл туралы Астанада өтіп жатқан Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезі Хатшылығының отырысында айтылды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Съезде Ізгі ниет елшілері институты құрылды және елшілерінің есімі белгілі болды.

Рухани дипломатия мүмкіндіктерін дамытуға жәрдемдесу үшін Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезінің ізгі ниет елшілерінің мәртебесі туралы ереже қабылданып, осы лауазымға жоғары тұлғалар тағайындалды.

Олардың қатарында отандық Димаш Құдайберген, Вьетнам буддистік сангханың Бас хатшысы, Атқарушы кеңес төрағасының орынбасары Тхить Дык Тхиен, Иерусалимнің және бүкіл Палестинаның Патриархы ІІІ Теофил, Мұсылман ақсақалдар кеңесінің Бас хатшысы Мұхаммед Абделсалам және Англикан қауымдастығы Бас хатшысының орынбасары Джо Бэйли Уэллс бар.

Пікірлер