Атырауда 5 қабаттан құлаған 2 жасар бала аман қалды

864
Adyrna.kz Telegram
Фото: http://ukropnews24.com
Фото: http://ukropnews24.com

Атырауда 5 қабаттан құлаған 2 жасар бала жансақтау бөлімінен палатаға шығарылды, деп хабарлады “Адырна” ұлттық порталы Nur.kz-ке сілтеме жасап.

Баланың дәрігері, хирург Әділбек Дүйсенғалинның айтуынша, баланың беті бері қараған, тыныс ала алады. 

«Бала аурухана түскенде көптеген диагноздар қойылды. Бассүйек жарақатын, екі өкпесінің тұсы зақымданған, сондай-ақ дене жарақаттарын алған. Қазіргі кезде ем-дом жасалып жатыр. Әрі қарай емі палатада жалғасады», - дейді дәрігер Әділбек Дүйсенғалин. 

Баланың анасы ақ халатты жандарға алғысын жеткізді.

«Сол күні балам ата-әжесімен болған. Ашық қалған терезенің торын басып қалып, құлап кеткен. Біз жолдасымыз екеуіміз кез келген жағдайға дайын болдық. Өйткені мұндайдан кейін жазылып шығу ғажайыппен тең. Дәрігерлердің біліктілігінің арқасында баламның жағдайы жақсара бастады. Олар баланың жағдайының бәрін бізге жеткізіп отырды. Ақ халатты жандар балама екінші өмір сыйлады»,- дейді баланың анасы. 

Пікірлер