Қазақ-қырғыз шекарасында бір айдың өзінде 10 мың тонна бензин заңсыз тасымалданған. Бұл туралы Қаржы мониторинг агенттігінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
«Қаржы мониторинг агенттігі шекара маңындағы өңірлерде жанар-жағар майды елден шығаруға қарсы бірлескен бақылауды күшейтуге қатысты ведомствоаралық кездесу өткізді. Баға айырмашылығына байланысты жеңіл көліктер көлігінің багына және қолдан жасалған багына бензин құйып алып, оны ел аумағынан заңсыз әкетіп жатыр. Тек қазақ-қырғыз шекарасында айына осындай тәсілмен 10 мың тонна бензин тасымалданады», - деп хабарлады ҚМА.
Жалпы, жыл басынан бері жанар-жағармай тасымалына байланысты 21 қылмыстық іс тіркелген. Бұл заңсыз айналымның көлемі 3,5 мың тоннадан, ал құны 900 млн теңгеден асқан.