Ұлытау облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында талап қоюшы «Жезқазған қаласының білім бөлімі» ММ-ның жауапкерлер М. және Ч.-ға қойған ата-аналық құқықтарынан айыру туралы талабы бойынша азаматтық іс қаралды.
Сотта анықталғандай, жауапкерлер 2013 жылы туған кәмелетке толмаған Д.-ның ата-анасы бола тұра, 2017 жылдан бастап осы күнге дейін өздерінің баланы тәрбиелеу және асырау жөніндегі ата-аналық міндеттерін орындамаған. Бала 3 жасынан бастап жауапкер Ч.-ның туысы болып келетін Б.-ның тәрбиесінде болған.
Сот отырысында жауапкер М. талаппен келісті, ал соттың күні мен уақыты туралы тиісті түрде хабардар болған жауапкер Ч. оған қатыспады, сотқа келмеуінің дәлелді себептері туралы еш құжат сотқа ұсынбады.
Сот шешімімен талап қою қанағаттандырылып, жауапкерлер М. және Ч. кәмелетке толмаған Д.-ға қатысты ата-аналық құқықтарынан айырылды және бала кәмелетке толғанша дейін жауапкерлерден баланы күтіп-бағуға олардың барлық табыстарының ¼ бөлігі мөлшерінде ай сайынғы алимент өндірілді.
Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ.