Иран Израильді зымыранмен атқылады. Ондағы Қазақстан азаматтары қайтпек?

1067
Adyrna.kz Telegram
Іrna агенттігінің фотосы
Іrna агенттігінің фотосы

Қазақстан сыртқы істер министрлігі Иран мен Израиль арасындағы жағдайды бақылап отыр, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы ҚазТАГ-қа сілтеме жасап.

«Қазақстан сыртқы істер министрлігі жағдайды қадағалап отыр, бірақ Қазақстанның Израильдегі және Ливандағы елшіліктері біздің азаматтарға жағдайдың нашарлауына байланысты осы елдерден кету қажеттілігі туралы бірнеше рет ескерткенін атап өткен жөн», - деп хабарлайды дереккөз.

Бұл туралы бүгін ҚазТАГ агенттігіне жағдаймен таныс дереккөз хабарлаған.

Jerusalem Post газеті Ираннан Израильге 400-ге жуық зымыран ұшырылғанын хабарлады. Зардап шеккендер туралы мәлімет жоқ, бірақ Тель-Авивтегі ғимараттарға зымыран атқыланғаны айтылады.

Ал "Адырнаның" Ирандағы дереккөзінің мәлімдеуінше, жағдай күрделі екені байқалады. Адамдар шошып қалғанға ұқсайды. Олар жағдайдың тұрақталғанын күтуде.

Бейбіт тұрғындарға оқ атқан лаңкестердің оққа ұшқаны туралы да жергілікті ақпарат құралдары жазып жатыр.

Израильдің барлық территориясында әуе дабылының сигналдары естіліп жатыр.

Израиль армиясы ел азаматтарын қорғау үшін қажетті шараларды қабылдайтынын мәлімдеп, нұсқауларды сақтауды сұрады.

Айта кетейік, Иран алғаш рет тікелей 2024 жылы сәуір айында өзінің территориясынан Израильге шабуыл жасады. Сол кезеңде Израильге 300-ден астам дрон мен зымыран жіберді, олардың 99%-ы атып алынды. Сәуірдегі шабуылға «Хезболла» қозғалысы да қатысты, ол Голан таулы аймақтарына соққы жасады.

Шабуылдың себептері 1 сәуірде Дамаск қаласындағы Иран консулдығына жасалған шабуыл делінеді. Осының салдарынан Ислам революциясының сақшылар корпусы (КСИР) құрамында жеті адам, оның ішінде «Құдс» арнайы бөлімшесінің командирі генерал Мохаммад Реза Захеди мен генерал Мохаммад Хади Хаджи Рахими қаза тапты.

Пікірлер