Астанада 5 қабаттағы балкон опырылып түсті

1405
Adyrna.kz Telegram
Фото: видеодан алынды
Фото: видеодан алынды

Астанадағы көпқабатты үйлердің бірінде балкон құлады. Бұл туралы видео пайда болды. Оқиғаның мән-жайын қалалық ТЖД баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы..

Ақпаратқа сәйкес, балконда адам болған. Ол темір торлардан ұстап үлгеріп, аман қалған.

“Оқиға орнына жеткенде құтқарушылар «Жарық» ПИК өкілдерімен бірлесіп, тұрғындар мен өтіп бара жатқандарға ықтимал қауіптердің алдын алу үшін қауіпті аумақты қоршады. Кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін, оның ішінде балкондарды жөндеу және қалпына келтіру бойынша одан әрі жұмыстың «Қазақстан Республикасының тұрғын үй қатынастары туралы» Заңына сәйкес, тұрғын үй иелері мен ПИК жауапкершілігінде екенін атап өткен жөн. Астана қаласының ТЖД осындай төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында Сарыарқа ауданының ТЖБ-ға, Астана қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасына, Сарыарқа ауданы әкімінің аппаратына тиісті шаралар қабылдау туралы хат жолдады”, - делінген ТЖД хабарламасында.

Ведомство халықты тек тексерілген ақпаратқа сенуге және нақты деректерді алу үшін ресми дереккөздерге жүгінуге шақырды.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Не смейте выбрасывать зажимы от хлебных упаковок: они бесценны
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Морщины исчезают за ночь! Попробуйте этот домашний метод…
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Школьники потрясли всю сеть этим танцем — смотреть без детей!
Пікірлер