Әйнектер мен есіктерді қиратқан. Астанада бұзақылық жасаған әйел табылып, жазаланды

619
Adyrna.kz Telegram

Астанада бөтеннің мүлкіне зиян келтірген бұзақылар жауапқа тартылды, - деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы Астана әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Олардың бірі 34 жастағы әйел болған.

«22 қыркүйек күні кешкі сағат жетілер шамасында ол Жансүгіров көшесіндегі үйдің терезесін сындырып, өз әрекетімен 36 145 теңге көлемінде шығын келтірген. Осыған ұқсас жағдай Мұхамедханов 12 көшесі мекенжайында болған. Онда 39 жастағы ер адам кіреберістегі пәтерлерді қасақана бүлдірген», - деп хабарлады әкімдіктен.

Екі тәртіп бұзушы да әкімшілік жауапкершілікке тартылып, айыппұл арқалады.

«Вандализмді тоқтату» акциясы аясында Астанада күндіз-түні рейдтер жүргізіліп, тұрғындар арасында қоғамдық тәртіпті сақтау мен қала меншігіне қамқорлық жасаудың маңыздылығы туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.

Акцияның мақсаты – елордада кез келген бұзақылық көріністерін тоқтату және тазалық пен тәртіпті сақтау. Акцияға еріктілер, белсенділер, танымал спортшылар, қоғам қайраткерлері және қала тұрғындары қатысты.

Жыл басынан бері сот бөтеннің мүлкіне қасақана зиян келтірген, қоғамдық аумақтарды ластаған, ғимараттар мен тұрғын үйлерге зақым келтірген 250 адамды жазалаған. Олардың барлығы жауапқа тартылды.

Бұзақылықтың алдын алу жұмыстары қалалық прокуратурамен және ішкі істер бөлімімен келісе отырып жүргізілуде.

Пікірлер