Тұғындар үшін тұрмысқа қажеттінің барлығы маңызды. Күнделікті қам-қарекетімізде жылуда, электр эенергиясы да, ауыз судың ағыны да қажет. Онысыз тіршіліктің кетігі жамалмайды.
Әңгіменің басын, тұрмыстық қалдықтарды сұрыптаудан бастайық. Өйткені, қатты тұрмыстық қалдықтар қоршаған ортаға елеулі әсер ететін фактор. Әр жерде оны жинауға арналған арнайы орындар бар. Алматы облысында оның саны 7-еу. Бұның сыртында қалдықтарды уақытша жинайтын 131 орын және бар. Барлығы облыс аумағын күл-қоқыстан тазарту мақсатында іске қосылған.
Ресми деректерге сүйенсек, жылына жуықтап алғанда 430 мың тонна қалдық жиналады, оның 112 мың тоннасы қай өңдеуден өтеді. Бүгінде облыста қалдықтарды жинау мен шығаруды 77 ұйым қамтамасыз етеді.
Таяу болашақта, Қонаев қаласын дамытудың кешенді жоспарына сәйкес, қалдықтарды сұрыптау желісі бар жаңа қатты тұрмыстық қалдықтар (ҚТҚ) полигоны салынбақ. Жоба 2026 жылдың соңына дейін іске асырылады деп күтілуде. Бұдан бөлек, Еңбекшіқазақ ауданында бұрын әзірленген жобалау-сметалық құжаттамаға сәйкес қуаттылығы жылына 90 мың тонна сұрыптау желісі бар ҚТҚ полигонын салу жоспарлануда. Сонымен қатар, Алматы облысы Іле ауданының ҚТҚ полигонын сенімгерлік басқарушы «ADC Taza Alem» ЖШС-гі INEVA түрік компаниясымен бірлесіп полигон аумағында жобалық қуаты жылына 350 мың тоннаны, сұрыптау желісі жылына 240 мың тоннаны, оның ішінде ірі-көлемдегі құрылыс қалдықтарын сұрыптау 120 мың тоннаны, қайталама шикізатты қайта өңдеу жылына 80 мың тоннаны, электр энергиясын өндіру сағатына 16 мВт, жобаның жалпы құны 26 млрд. теңгені құрайтын зауыт сал көзделген. Құрылыс басталуына дайындық жұмыстары жүргізілуде, аяқталу мерзімі 2025 жылдың соңына дейін еп көрсетілген. Аталған жұмыстар ретімен жүзеге асса, облыстың экологияляқ әлеуеті жақсарады деген сенім мол.
Тұрғындар үшін қажетті инфрақұрылымның бірі ауыз су жүйесі. Алматы облысында «Әрбір елді мекенде таза ауыз су» ұлттық жобасы бойынша 90 жоба енгізілген еді. Ұлттық жоба шеңберінде 2 қала және 79 ауылды елді мекенде желілерді қайта жаңарту, сондай-ақ 6 ауылда жаңа құрылыс жұмыстарын жүргізу жоспарлануда. Барлық жобалар аяқталғаннан кейін 498 км желі салынып, қайта жаңартылатын болады. Нәтижесінде сумен жабдықтау желілерінің тозуы 47%-ға дейін төмендейді. 2024 жылы өңірде ауылдық елді мекендерді орталықтандырылған ауыз су жүйесімен қамту деңгейі 95% -ға жетеді деп күтілуде. Жалпы, Алматы облысында 2 облыстық және 3 аудандық маңызы бар қаланың 99,8% орталықтандырылған сумен қамтамасыз етілген. Жауаптылардың сөзіне сүйенсек, 368 ауылды елді мекеннің 343-і орталықтандырылған сумен қамтамасыз етілген.
Су құбыры желілерінің ұзындығы 5128 шақырымды құрайды, олардың 53,5% -ы жөндеуді талап етеді. Яғни, 2743 шақырым су желілерін қайта жаңғырту қажет. Аймақ халқын сумен толық қамтамасыз ету үшін 2023 жылы 44 жобаны және су бұру бойынша 15 жобаны іске асыруға 31,0 млрд. теңге бөлінген. 2024 жылға ауыз сумен қамтамасыз ету бойынша 48 жобаны және су бұру бойынша 18 жобаны іске асыруға бюджеттен 28,1 млрд.теңге бөлінді. Бүгінгі күнге 2 нысан аяқталды. Қазіргі таңда сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін қайта жаңғырту және салу үшін 72 жобалық-сметалық құжат әзірленуде. Алматы облысында облыстың барлық елді мекендерін орталықтандырылған сумен қамтамасыз ету басты назарда. Биыл сумен жабдықтау жүйелерін қайта құру және салу бойынша 48 жобаны, сондай-ақ су бұру бойынша 18 жобаны іске асыруға бюджеттен 27,9 млрд теңге бөлінді. Ауқымды жұмыс жаңа аудандарды орталықтандырылған сумен жабдықтау жүйесіне қосуға және бұрыннан бар абоненттер үшін қызмет көрсету сапасын жақсартуға бағытталған. Ағымдағы жобалардан басқа облыста перспективалық жоспарлар әзірленуде. Қазіргі уақытта сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін салу және реконструкциялау бойынша 72 жобалау-сметалық құжаттамамен (ЖСҚ) жұмыс жүргізілуде. «Әрбір елді мекенде таза ауыз су» ұлттық жобасына ерекше назар аударылады. Осы жоба аясында 2024-2025 жылдары облыстың 81 елді мекенінде желілерді қайта жаңарту, сондай-ақ алты ауылда жаңа жүйелер салу жоспарлануда. Су ресурстарын басқаруды оңтайландыру үшін бірыңғай оператор – «Алатау қоғамдық Утилитес» ЖШС құрылды. Бұл шешім активтерді шоғырландыруға, қаржыландыруды орталықтандыруға, тарифтерді төмендетуге және көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыруға мүмкіндік береді. Бір оператордағы күш-жігерді біріктіру үйлестіруді жақсартуға және ресурстарды тиімдірек бөлуге бағытталған. Жұмыстың маңызды бағыттарының бірі-су ресурстарын мақсатсыз пайдаланумен күрес. Оларды санитарлық нормаларға сәйкес келтіре отырып, жеке желілерді жаңғырту, сондай-ақ олардың иелерінің жауапкершілігін арттыру жоспарлануда. Сонымен қатар, халық арасында суды ұтымды тұтыну мәдениетін қалыптастыруға бағытталған ақпараттық науқан жүргізілуде. Бұл шаралар шығындарды азайтуға және болашақ ұрпақ үшін су ресурстарын үнемдеуге көмектеседі. ТҮКШ-тың басқаруына енетін ағы бір бағыт индустриалды аймақ. Жалпы Алматы облысында дәл осындай 6 аймақ бар. Бүгінгі күні «Қайрат» және «Береке» индустриалды аймағы пайдалануға берілді.
«Қайрат» индустриалды аймағы өткен жылы аталмыш аймақтың алаңішілік желілері мен көлік инфрақұрылымын салуға «DAURcapital» ЖШС-мен 10,8 млрд. теңге сомасына мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарты жасалды. Қазіргі уақытта «DAURcapital» ЖШС ҚМЖ 97% -ға аяқтады. Алматы облысын перспективалы дамыту мақсатында уәкілетті органмен «Қайрат» иандустриалды аймағын 177 гектарға кеңейту туралы шешім қабылдады. Аталған жобаны іске асыру өңір экономикасына инвестициялар тарту, озық технологияларды енгізу, мыңдаған жаңа жоғары білікті жұмыс орындарын құру бойынша кең мүмкіндіктер ашады. Бұл өз кезегінде халықтың өмір сүру деңгейін арттырып, инвестициялық ахуалды жақсартады. Ал, «Қазбек Бек» индустриалды аймағына келер болсақ, оның аумағы 900 га жерді алып жатыр. 2023 жылы инженерлік желілердің, өрт сөндіру депосының, әкімшілік ғимараттың және жүк ауласының ЖСҚ әзірлеуге жалпы сомасы 1,02 млрд теңгеге 13 шарт жасалды. Жобалауды аяқтау және мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысын алу 2024 жылғы желтоқсан айына жоспарланған. Қазіргі таңда «Шелек», «Қазбек Бек» индустриалды аймағы бойынша жобалау-сметалық құжаттама әзірленуде. Сонымен қатар «Сұңқар», «Тасқарасу» индустриалды аймағы үшін жер учаскелері ресімделуде. Жоғарыда көрсетілген индустриалды аймақтарды басқаруды және үйлестіруді «Индустриялық аймақ басқарушы компаниясы» ЖШС жүзеге асырады.