Жедел жәрдем жұмысы. Министрлік күндіз берген сертінен түнде тайды ма?

855
Adyrna.kz Telegram
Фото: inbusiness.kz
Фото: inbusiness.kz

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Әйгерім Оразалиева жедел жәрдемнің жұмыс кестесіне қатысты түн ортасында түсініктеме берді, - деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. 

Түсіндірме видеосы 25-қыркүйек күні, түнде Денсаулық сақтау министрлігінің желідегі парақшасында жарияланды.

«Бүгін бірқатар бұқаралық ақпарат құралдарында жедел медициналық көмек көрсету қағидаларына өзгерістер енгізу туралы бұйрық жобасының мазмұнын қате түсіндіру жарияланды. Осыған байланысты біз түсіндіреміз: бұрынғыдай 103 нөміріне қоңырау шалу арқылы барлық пациенттер шақырту санатына қарамастан толық көлемде медициналық көмек алады», — дейді видеода Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі.

Сонымен бірге, оның айтуынша, жұмыс уақытында жеделдіктің төртінші санатындағы шақыртуларға қызмет көрсетуге тиімділікті арттыру үшін мобильді алғашқы медициналық-санитарлық көмек бригадалары тартылады.

«Кешкі және түнгі уақытта, сондай-ақ демалыс күндері барлық санаттағы шақыртуларға жедел жәрдем бригадалары қызмет көрсетеді, осылайша, азаматтар үшін ештеңе өзгермейді, бірде-бір шақыру қараусыз қалмайды, пациенттерге қызмет көрсетудің тиімділігі мен сапасы жоғарылайды», - деп сендірді ол.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Денсаулық сақтау министрлігі (@healthcare.gov.kz)

 

Еске сала кетейік, 24-қыркүйек күні «Ашық заңды тұлғалар» порталында жедел жәрдем қызметіне қатысты бұйрық жобасы жарияланған болатын.  Онда министрлік жедел жәрдемді шақырту уақытына өзгеріс енгізуді жоспарлап отырғаны жайлы айтқан еді. 

Пікірлер