Қазақстанның шет мемлекеттермен сауда-экономикалық ынтымақтастығы жыл өткен сайын жандануда

530
Adyrna.kz Telegram

Ынтымақтастықтың преспективалары мен жаңа бағыттары үнемі талқыланып, күн тәртібінен түскен емес. Себебі, ел экономикасының негізі - сауда-саттық.

Биыл Қазақстан Премьер-Министрінің орынбасары Серік Жұманғарин Саха Республикасының басшысы Айсен Николаевпен кездесіп,  ынтымақтастықтың перспективалық бағыттарын талқылады.

Саха Республикасы   Қазақстан мен Ресей арасындағы сауда қатынастарын дамытуда өз үлесін қосуда.   Өткен жылы Қазақстан мен Якутия өңірлері арасындағы тауар айналымы екі есеге жуық өсіп, $160 млн-нан асты. (2022 жылы – $78,5 млн). 2023 жылы Қазақстаннан Якутияға экспорт 68,6 есеге өсіп, $160,7 млн-ды долларды құрады, ал Якутиядан Қазақстанға импорт 53,2 мың долларды құрады (2022 жылы – $76,2 млн).

Алдағы уақытта Якутияға макарон өнімдеріне бастап, ет-сүт, жеміс-көкеніс пен бақша дақылдары экспортқа шығарылады деп күтілуде. Қазақстан тарапы Саха Республикасынан бұл істі жүзеге асыруда қолдау көрсетуін сұрады.

Сол сияқты, Сербияда Қазақстанның Оңтүстік-Шығыс Еуропадағы маңызды сауда серіктесі ретінде саналады.

Таяу болашақта елімізден Сербияға $500 млн-нан астам сомаға шикізаттық емес тауарлардың 90-нан астам түрін жеткізуді көзделген. Бұл металлургия, мұнай-химия, тамақ, химия, машина жасау салаларының өнімдері, көлік құралдары, құрылыс тауарлар болмақ.

Сондай-ақ, Қазақстан  Сербияға  ауылшаруашылық өнімдерінен бұршақ, пияз, қарақұмық, жарма және бидай экспортын ұлғайтуға дайын. Мал шаруашылығы саласында балық және балық өнімдерін, бал, құс еті, жылқы еті, сиыр еті және сүт өнімдерін жеткізу мүмкіндіктерінен бөлек, Қазақстан шошқа етiн жеткізуді қарастыруы мүмкін. Сонымен қатар елімізде жаңа сүт-тауар фермаларының құрылысын ескере отырып, Қазақстан Сербиядан асыл тұқымды сиырлар мен асыл тұқымды материалдарды импорттауға мүдделі.

Тамақ өнімдеріне бөлек, Қазақстан мен Сербия арасындағы қолданыстағы құқықтық база қос ел арасында аптасына 14 жолаушы рейсін орындауға мүмкіндік беріп отыр.

Екі елдің арасында тікелей әуе рейстерінің ашылуы Сербияның Еуропаға көлік хабы болуына мүмкіндік береді. Алдағы уақытта Қазақстан мен Қытайдан Сербияға және одан әрі Еуропа елдеріне жүк тасымалы үшін транзитті дамытуға  мемлекеттер уағдаластық орнату үстінде. Бұл бастаманы іске асыру үшін Транскаспий халықаралық көлік маршрутының мүмкіндіктерінсаралау қарастырылмақ.

Айта кетейік, 2023 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанның Сербиямен тауар айналымы $91,2 млн құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 23,3%-ға жоғары ($74,8 млн). Экспорт 38,7%-ға өсті. Жалпы тауар айналымында Қазақстан мен Сербия арасындағы ауыл шаруашылығы өнімі саудасының үлесі шамамен 2 2,7 млн құрады. Импорттың негізгі көлемі – жүгері, күнбағыс тұқымдары, тірі өсімдіктер. Экспорттың негізгі көлемі - қарақұмық, тары және басқа да дәнді дақылдар.

Қазақстан Тайландпен де сауда-экономикалық ынтымақтастықты жолға қойған.

Былтырғы жылы Қазақстан мен Тайланд арасындағы тауар айналымы $367 млн-ға жетті. Қазақстан ет, көкөніс пен жеміс, дәнді дақылдар, ұн өнімдерін, өсімдік майларын және басқа да АӨК өнімдерін экспорттауға мүдделі.

Бұның барлығы мемлекет басшысының тапсырмасына сай жүргізілуде.  Өйткені, елімізде ауыл шаруашылығы өнімдерін сақтау және дистрибуциялаудың тиісті инфрақұрылымы бар ұлттық тауар өткізу жүйесі қалыптастырылу үстінде. Бұл біздің елімізде агро азық-түлік хабын құруға  үшін қажетті жағдайлар жасауға мүмкіндік береді. Осы мәселеде Қазақстан мен Тайланд арасындағы ынтымақтастықты тереңдетудің келешегі зор әрі бұл екі жаққа да тиімді болары сөзсіз.

Еске саламыз, Тайланд пен Қазақстан  арасында экономикалық өзара іс-қимыл туралы келісімге қол қойылды.

Бұл құжат әртүрлі салалардағы, соның ішінде сауда, экономика және инвестициялардағы ынтымақтастықты кеңейтуге ықпал етеді.

 

Пікірлер